• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Мәскеуде еліміздің инновациялық жобалары таныстырылды

270 рет
көрсетілді

"Инновацияның ашылуы" форумы аясында Мәскеудегі «Сколково» технопаркі аумағында Еуразия апталығы өтті.  Онда Ресей, Қазақстан, Белорусь, Армения, Қырғызстан мемлекеттерінің  инновациялық жобалары таныстырылды. Аталған көрмеде ҚР технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік Қазақстанның 10 инновациялық жобасын таныстырды. Олардың арасында "Standing" кезекті басқаратын жүйелер, "KazDATA" маркетингтік бизнес анықтамалық,  «BilimLand» білім беру платформасы бар. «Келесі жылы Еуразия апталығы Астанада ЭКСПО-2017 аумағында өтеді. Бұл форумның мақсаты – озық ғылыми зерттеулерді дамыту, практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа құралдарын құру», - деді «НАТР» АҚ басқарма төрағасы Санжар Ізтілеуов. Айта кетейік, биылғы форумға 100-ден астам ел өкілдері қатысты.