2017 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы аптасына 42 рейске дейін артады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің брифингінде Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды egemen.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап.
«Екі ел арасындағы әуе қатынасының жиілігін аптасына 35-ке дейін арттыру көзделіп отыр. Олардың 21-ін қазақстандық, 14-ін Қытай әуе тасымалдаушылары жүзеге асырады. Ал 2017 жылдың қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш аптасына 42 рейске дейін жетеді", - деді Ш.Нұрышев.