• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы - Екібастұзда

331 рет
көрсетілді

Екібастұзда бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция барысында келген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын қарсы алды, деп хабарлайды egemen.kz ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап. Темір жол вокзалының алаңында пойыз делегациясының қатысуымен митинг өтті. Оған 500-ден астам мемлекеттік органдар өкілдері, мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала, темір жол, ҮЕҰ, БАҚ, ардагерлер қоғамдастығы қызметкерлері, студенттер қатысты. Акция қатысушылар қала тұрғындарымен кездесіп, бизнес, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, білім беру мәселелері бойынша кеңес берді. Кездесу «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болса, медициналық мәселелер бойынша қабылдау №2 емханада өтті.