• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Технология 04 Қыркүйек, 2024

Рулі мен педалі жоқ такси пайда болды

678 рет
көрсетілді

АҚШ кәсіпкері Илон Маск тізгіндеген «Tesla» компаниясы әлемдік автоөндіріс саласына тағы да ерекше өнім ұсынды. Бұл жолы компания рулі мен педалі жоқ робот-такси шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Құрылымы жағынан көпшіліктің таңданысын тудырған робот-такси адамдарды тасымалдауға арналған. Компания жаңа туындысын тамыз айында көпшілікке көрсетуді жоспарлағанмен, дизайынына біршама өзгеріс енгізу мақсатында таныстырылым уақытын кейінге шегерген. 

«Tesla» тұсаукесер «Warner Bros» студиясында өтетінін атап өтті. «Robo-taxi-дің» жеткізу құны әзірге белгісіз. 

Ал «Google» компаниясы Mountain View штаб-ғимаратына жұмысына ақы алмайтын 100 қызметкер қабылдаған. Ерекше жұмысшылардың немен айналысатынын «Egemen Qazaqstan» газетінің тұрақты айдары Ғалам ғажаптарынан біле аласыз.