• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Оралда волейболдан қыздар арасында чемпионат өтті

483 рет
көрсетілді

Бүгін Оралда волейболдан 1999-2000 жылғы қыздар арасында Қазақстанның күзгі чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 4-9 қараша аралығында өткен біріншілікке барлығы алты команда қатысты. Жарыс қорытындысында Ақтөбе облысы командасы жеңімпаз атанды. Алматы облысының қыздары екінші, батысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Айдана Батаева (Павлодар) «Үздік байланыстырушы», Мәдина Бекет (Ақтөбе) «Үздік либеро», Александра Волощенко (Ақтөбе) «Үздік шабуылшы», Татьяна Никитина (Алматы) «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталды.