• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Футболдан Қазақстан құрамасы Копенгагенде

274 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Данияға келді. Мұнда алдағы жұмада жергілікті құрамаға қарсы матч өтеді, деп хабарлады KazFootball.kz. Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін кешке Копенгагенге келді, жұма күні Дания командасына қарсы көшпелі матч өтеді. Қазақстан командасы астананың орталық қонақүйлерінің біріне орналасты. Данияға қарсы кездесуді «Қазақстан» ұлттық  арнасы көрсетуді жоспарлауда. Ол жұмадан сенбіге қараған түні сағат 01.45-те басталады. Үш ойыннан кейін даттықтар үш ұпай еншілесе, Қазақстанда екі  ұпай бар.