• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

380 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып бұрқасындатса, тағы бір аймақтарда көктайғақ болады. Отүстік-батыс пен оңтүстікте және оңтүстік - шығыста бұрынғысынша ауа райы қалыпты жағдайда өтеді. Кей жерлерде тұман да түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, төменнен бұрқасындатып, күндіз және түнде жел күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, түнде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, күндіз және түнде секундына 15-20 метр жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел күші секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді.