• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

АХҚО делегациясы Жапония компанияларымен келіссөздер жүргізді

448 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 7-9 қараша аралығында Жапонияға жасаған сапары аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қ.Келімбетов бастаған делегация Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді. Инвестициялар және даму министрлігінің ұйымдастырған бизнес форумы кезінде АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетов Президент Н.Ә.Назарбаевтың АХҚО құру жөніндегі бастамасымен таныстырды. АХҚО - Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалардың бір бөлігі.  Ол ел экономикасын әртараптандыруға, елдің қаржылық жүйесінің дамуына және тұрақты өсіміне бағытталған. Сонымен қатар, АХҚО Басқарушысы осы қаржылық орталықтың негізгі бағыттары, салықтық жеңілдіктері, артықшылықтары туралы да кеңінен таныстырды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Жапония Премьер-министрі С.Абэнің қатысуымен АХҚО мен Жапонияның құнды қағаздар дилерлері Қауымдастығының арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. АХҚО делегациясы Mizuho Financial Group Inc, Sumitomo Mitsui Financial Group, Japan Exchange Group және Nomura Asset Management секілді Жапонияның белді компанияларының басшылығымен де келіссөздер жүргізді. Жапон корпорациялары АХҚО жұмысына, оның ішінде капитал нарығын дамыту, активтер мен жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, ислам қаржысы салаларына қызығып отырғандықтарын жеткізді. Мұнан өзге АХҚО делегациясы SoftBank Group Corp, Mistletoe  және Palo Alto Networks секілді компаниялармен кездесу кезінде тараптар қаржы технологияларын дамыту, венчурлық қорларды құру мәселелерін талқылады.