• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Табиғатқа да жанашыр екен

447 рет
көрсетілді

Еліміздің бас экологы Мэлс Елеусізов қана деп жүрсек, президенттікке кандидаттар арасынан табиғаттың тағы бір үлкен жанашыры табылып отыр. Осы айтылғанды айғақтаған Ғани Қасымов кеше республикалық «Қазэкология» ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығының қызметкерлерімен кездесіп, екі жақ үшін де мүдделі үлкен әңгімеге өріс ашты. Оның сайлауалды бағ­дарламасын қызу қол­даған экологтар кәсіп­орын­ның қыз­­метімен та­ныс­тырып, қор­шаған орта­ны қорғау саласындағы бір­қатар өзек­ті мәселелер жө­ніндегі өз пайым-көзқа­рас­тарын білдірді, неғұрлым өзекті эко­логиялық проблемалар бой­ынша пікір ал­ма­сылды. Аталмыш орта­лық­тың бас директоры Аманкелді Сқа­қов­тың айту­ын­ша, Қазақ­стандағы қазіргі эколо­гия­лық ахуал аса күр­делі. Бұл жағдайда эколо­гия қауіп­сіздігін қамтама­сыз етудің мемлекеттік бас­қару, заңна­ма, қоғамдық пікір және кәсіби біліктілік сияқты тетіктері ұтымды пай­да­ла­нылуы тиіс. Таби­ғат қорғау жобаларында, түрлі есептемелерде осы жағ­дайлар мұ­қият ескерілгені мақұл. Та­биғат қорғау жөнінде қыз­баланып көп айтуға болар, бірақ, соны­мен қатар, бізге жоғары кәсіби біліктілікпен әзір­лен­ген жобалар қажет. Бұдан әрі Орталық бас­шысы Парламентте «Эко­ло­гия кодексі» Заңы дай­ындалып қабылданған кезде, сенатор Ғ.Қасымов ар­қы­лы өздерінің бірқатар ұсы­ныстарын енгізгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ғани Есен­кел­діұлы экологиялық проб­лемаларды шешуге қалың жұрт­шылықты тартуға да үлкен септігін тигізіп жүр­гендігі қаперге алынды. Қазір қоғамдық экология­лық сараптама жүргізу іс-тәжірибесіне енгізілсе, бұл бапты да Экологиялық кодекске енгізуге септігін тигізген Ғани Есенкелдіұлы болып шықты. Кездесу кезінде сөз ал­ған бұрынғы Экология және биоресурстар минис­трінің орынбасары, табиғат қорғау ардагері Мәди Кереев 1994 жылы АҚШ-тың Техас штатының конгресінде Арал мен Балқаштың проблемасын алғаш айт­қан, сол жерде тәуелсіз Қазақстанның туын желбіреткен айкөл азаматымыз да Ғани Қасымов бол­ған­ды­ғын еске салып өтті. Ал бү­гінде Ғанекең қоршаған ор­та­ны қорғаудың алғы шебінде жүрсе, мұның өзі заң­дылық ретінде қабыл­да­на­ры анық. Бұдан кейін сөз ал­ған «Атамекен» қоғам­дық-эко­ло­гиялық газетінің бас ре­дакторы Жанымгүл Сағын­ды­қова, орталық қыз­меткері Саян Мейірбеков, экологтар Ғ.Қасы­мов­тың саяси тұғыр­на­масын қолдайтынын, сайлауда ол үшін дауыс беретіндіктерін мәлімдеді. Ғ.Қасымов өз кезегінде, әсіресе, жер сілкінісінен туындаған жапондық атом электр стансаларындағы тө­тенше жағдайдан кейін экологиялық қауіпсіздік мә­селелерінің Қазақстан­да­ғы аса көкейкестілігін қа­дап айтты. Алдағы уақытта елде АЭС салынар болса, көпшіліктің пікірі ескерілуін, жалпы бұл істің жа­рия­лы болуын, тендерге тілек біл­дірушілердің барлығы қа­ты­с­тырылуын тілге тиек етті. Кездесу соңында Ғ.Қа­сымов орталықтың зертха­на­сын аралап көріп, ауаны, суды, топырақты, радиа­ция­лық жағдайды тексеретін аспаптармен танысты. Қорғанбек АМАНЖОЛ, Алматы. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.