• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Үміткер мұраты – әлеуметтік қолжетімділік

476 рет
көрсетілді

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы атынан Қазақстан президенттігіне кандидаттыққа ұсынылған Жамбыл Ахметбековті қолдау қоғамдық штабы үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталысымен іске қызу кірісіп кетті. ҚКХП-ның облыстық ко­митетінің бірінші хатшысы Жанат Молдашев жетекшілік ететін қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарын жос­пар­лы жүр­гізіп, осы кезге дейін-ақ Мәртөк, Қоб­да, Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарында бо­лып, жұртшылықпен жүз­дес­ті. Ел президенттігінен үміткер Жамбыл Ахмет­бе­ковтің сайлауалды бағдар­ла­ма­сымен, партияның ұстан­ған саяси тұғырнамасымен таныстырды. Жақында ҚКХП-дан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков Ақтө­бе­ге келіп, облыс орталығындағы қарт­­тар үйінде кездесу өткізді.Кездесу барысында ел президенттігінен үміткер кедейшілік, жұмыссыздық, бағалар мен тарифтердің өсуі және басқа әлеуметтік өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды. – Мен жаңа әлеуметтік бағыттың негізі болатын үш бастаманы жария­ла­мақ­шы­мын, – деп өзінің сай­лау­ал­ды бағдарламасында атап өт­­ке­ніндей, еліміздегі әлеу­мет­тік игіліктерге қара­пай­ым ха­лық­тың қолжетімді­лі­гін қа­лыптастырудың негізгі жол­да­рына тоқ­талды. – Жа­ңа әлеуметтік бағыт шең­бе­рін­дегі бірінші бастама – бұл күнкөрістің ең төменгі көр­сеткішін көп­теген өркениет­ті елдерде қол­да­ны­ла­тын стандарттар бойынша (яғни, ме­диандық тәсіл арқылы) анық­тау әдісін енгізу. Осылай дей келіп ол мұндай жағ­дайда Қазақстан­да орта есеппен әр адамға шаққанда күнкөрістің ең тө­менгі көрсеткіші 200 мың теңге бола­тынын жеткізді. Екінші бастамасы ретінде жоғары оқу орындары тү­лек­тері­нің бірінші рет жұмысқа орна­ла­сула­рына мемлекеттік кепілдік беруді енгізуді ұс­танып отырғанын алға тарт­ты. Біріншіден, жұмыс орнына кепілдік беру – жас маманнан жұмысқа орна­ла­суы кезінде 3 жыл жұмыс өтілін сұрау секілді кедергіден шығарар жол екенін мәлім­деді. Президенттікке кандидат еліміздегі тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық саласы мәселесін шешуді, осы саладағы бағалар мен тарифтерді азайтуды ұсы­нып отырғанына тоқталды. Ол өз ойын Қазақстан аза­мат­тарының әлеу­меттік жағдайы мен әл-ауқаты заманауи би­ліктің әрекет ету қабілеті мен оның саяси жауап­кер­шілігінің басты бағамына ай­налуы тиіс деп тұ­жы­рымдады. Қазір мемлекеттік саясаттың түп­кі мақсаты – Адам болуы қажет. Елдің ертеңі әлеуметтік әлеу­ет­тің артуымен өлшенуі керек. Кандидатты қол­дау қоғамдық шта­бы­ның жетекшісі, ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Молдашев азық-түлік бағаларының шек­тен тыс көтерілуі жөнінде келелі мә­селе қозғады. Бағаны бұ­ға­лықта­май­ын­ша, зей­нет­ақы мен еңбек­ақы­ны өсірудің қайтарым бермейтініне назар аудар­ды. Шығып сөй­леген қариялар да мұ­ны жоққа шығармады, үміткердің игі бас­та­маларының жүзеге асуы­на тілектестік білдірді. Сайлау­ға бір кісідей қаты­сып, өз таңдауларын жасай­тын­дарын жеткізді. Ел президенттігінен үміткер Жам­был Ахметбеков қарт­тар­ды толғантқан бірқатар сұрақ­тарға жауап берді. Осындай жүздесу Марат Оспанов атындағы Батыс Қа­зақстан медицина универ­сите­тінің жатақханасында студент жастармен де болды. Кандидат өңір­дегі бұқаралық ақпарат құралдары өкіл­дерімен брифинг өткізіп, журна­листердің бірқатар сауалдарына жауап берді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.