• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Әрдайым сапта

394 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде запастағы генералдар мен офицерлердің бастама­сы­мен «Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің құрылтай жиыны өтті. Оған Қорғаныс министрі Әділбек Жақ­сыбеков пен Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев қатысты. Бұл бірлестік болашақта рес­пуб­ли­калық мәртебеге ие бо­лып, оны құруға еліміздің бар­лық облыстары мен Астана, Ал­ма­ты қалаларынан делегаттар қа­тыспақ. Жиында қоғамдық бір­лестіктің төрағасы болып Ха­лық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сайланды. Бақытжан Ертаев ұйымды құрудағы негізгі мақсат Қарулы Күштердің ардагерлері мен олар­дың отбасы мүшелерінің мүд­­де­сі мен құқығын қорғау болып табылатынына тоқталды. Сон­дай-ақ, ұр­пақтар сабақтастығын қалыптастырып, офицерлік кор­пус­тың кәсіби дайындығын арт­тыруда төл әскерімізге жәр­дем­десу, аға буынның жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырып, жас­тар­ды әскери-пат­риоттық рухта тәрбиелеу, деді. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.