• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Маңызды мәселелер сөз болды

346 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумының (БИЭФ) төрағасы Тун Муса бин Хитаммен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуде Ислам Конфе­рен­циясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің және ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің жыл сайынғы басты экономикалық саммиті немесе «Исламдық Давос» болып табылатын БИЭФ-тің болашақ төрағасы ретіндегі Қазақстан мен аталған форум ара­сындағы өзара қарым-қаты­нас­тардың кең ауқымды мәсе­ле­лері талқыланды. Осы күні Қазақстан Үкіме­ті­нің басшысы Кәрім Мәсімов Ре­сей­дің Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) ди­рек­торы Игорь Честинмен кездесті. Кездесу барысында таби­ғат­ты қорғау саласындағы, соның ішінде, Балқаш бойының ай­рық­ша табиғи әлеуетін, өзендердің гидрологиялық режімі мен Іле-Балқаш бассейнінің су тепе-теңдігін қалпына келтіру сияқты өзара байланыстағы экономи­ка­лық, әлеуметтік және эколо­гия­лық проблемаларды шешуге жағдай туғызатын экологиялық жобаларды жүзеге асыру мәсе­лелері талқыланды.