• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Назар аударыңыз: бәйге!

697 рет
көрсетілді

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ 1. Жалпы ережелер 1. Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәй­кес әзірленді және Республикалық «Тәуел­сіздік толғауы» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына арналады және Тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығы мен жаңа Қазақстанның қалыптасуын ай­шықтайтын жаңа туындыларды шығаруды ынталандыруға бағытталған. 2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері 3. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: 1) заман талабына сай жаңа қоғамдық-маңызды драмалық және музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу; 2) отандық авторларды қолдау; 3) республика театрлары мен концерттік ұйымдары репертуарларын бүгінгі күннің талабына сай көркемдік деңгейі жоғары жаңа туындыларымен толықтыру; 4) өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру; 5) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. 3. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары 7. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: 1) ең үздік опералық шығарма; 2) ең үздік драмалық шығарма; 3) оркестрге арналған ең үздік көлемді шығарма; 4) хорға арналған ең үздік шығарма; 5) ең үздік заманауи тақырыптағы ән. 8. Номинациялар бойынша келесі талаптар қойылады: 1) «ең үздік опера» номинациясы бойынша - опера, ұзақтығы 80 минуттан кем болмауы керек; 2) «ең үздік драмалық шығарма» номи­на­ция­сы бойынша - екі актіден тұратын дра­ма­лық шығарма, мәтін көлемі 40 парақтан, қаріп - Times New Roman, мөлшері № 14, жоларалық интервал - бір жолдық, ұзақтығы 105 минуттан кем болмауы керек; 3) «оркестрге арналған ең үздік көлемді шы­ғарма» номинациясы бойынша сим­фо­ния­лық, камералық немесе халық аспаптары оркестрлеріне арналған көлемді шығарма ұсынылады; 4) «хорға арналған ең үздік шығарма» номинациясы бойынша хорға немесе жеке орындаушы(лар) мен хорға арналған бір немесе көп бөлімді (циклді) шығарма (a capella немесе сүйемелдеумен) ұсынылады; 5) «ең үздік заманауи тақырыптағы ән» номинациясы бойынша жеке орын­дау­шы­ларға арналған, ұзақтығы 5 минуттан ас­пай­тын ән ұсынылады. 9. Конкурсқа белгіленген номинациялар шең­берінде жеке авторлардың немесе автор­лық ұжымдардың шығармалары қабылданады. 10. Ұсынылатын шығармалар бұрын-соң­ды орындалмаған және жарияланбаған, кон­курс­тарға қатыстырылмаған жаңа шығарма болуы керек. 11. Авторлар бір немесе бірнеше номина­цияға қатыса алады. Әр номинация бойынша автор тек бір шығарма ғана ұсына алады. 12. Барлық Конкурсқа қатысушылар өз­дері­нің шығармаларын жасырын атпен (ұран­мен) ұсынады. Конкурсқа ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 13. Қатысушылардың жас мөлшеріне шек қойылмайды. 14. Конкурсқа қатысуға байланысты бар­лық шығындарды қатысушылар өз тарап­тары­нан өтейді. 15. Қазылар алқасына авторлары көрсетіл­меген (ұранмен) Конкурстық шығармалар ұсы­нылады. 16. Әр шығарма 10-балдық жүйе бойынша бағаланады, сонан соң барлық қазылар ал­қа­сының балдарының қосындысы шығарылады. 17. Ең үлкен балл алған шығарма Конкурс­тың жеңімпазы атанады. 18. Конкурстың қорытындысы 2011 жыл­дың IV тоқсанында шығарылады және www.mk.gov.kz, www.ruhdk.kz. интернет-ресурс­тарында орналастырылады. 19. Егер бірлескен авторлардың драмалық шығармасы Конкурстың жеңімпазы атанса ақшалай сыйақы авторлардың арасында тең бөлінеді. 20. Егер бірлескен авторлардың музыка­лық шығармасы Конкурстың жеңімпазы атанса, ақшалай сыйақының 70 (жетпіс) пайызы композиторға, ал 30 (отыз) пайызы сөздерінің авторына (либретшіге) төленеді. Егер де композиторлар мен сөздерінің авторлары екі және одан көп адам болса, композиторлар арасында ақшалай сыйақының 70 (жетпіс) пайызы тең бөлінеді, сөздерінің авторлары арасында ақшалай сыйақының 30 (отыз) пайызы тең бөлінеді. 21. Жеңімпаз атанған драмалық шығар­ма­лар мемлекеттік театрларда екі ретке дейін тегін қойылады, сонан кейінгі қойылымдар қолданыстағы авторлық құқық және аралас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 22. Жеңімпаз атанған опералық және му­зы­калық шығармалар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының репертуарына қосу үшін ұсынылады. 23. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құ­жаттар: 1) Опералық шығарманың партитурасы, клавирі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі либреттосы ұсынылады. Сонымен қатар, «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық ре­дакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF фор­мат­тарының бірінде СD немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазылған шы­ғарманың электрондық нұсқасы ұсынылады; 2) Драмалық шығарма бойынша шы­ғар­маның қағаз түріндегі екі данасы және CD-ге жазылған электрондық нұсқасы (қаріп - Times New Roman, мөлшері № 14, жоларалық интервал - бір жолдық) ұсынылады. 3) Музыкалық шығармалар бойынша (хор, симфониялық, камералық және халық ас­паптары оркестрлеріне арналған) шығар­ма­ның партитурасы, Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде СD-ге немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасы­ғыш­қа жазылған шығарманың электрондық нұсқасы ұсынылады; 4) Заманауи тақырыптағы ән бойынша ән­нің қағазға түсірілген нотасы мен сөзі - 2 дана, Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF формат­тарының бірінде СD-ге немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазыл­ған шы­ғар­маның электрондық нұсқасы ұсынылады; 5) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш, автордың пас­портының немесе жеке куәлігінің және Қа­зақстан Республикасы Әділет министр­лігі­нің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері. 24. Әрбір қатысушы таңдаған номина­ция­сына қатысты құжаттарды желімделген екі конвертпен жібереді. № 1 конвертпен осы Қағиданың 23-тар­мағының 1) - 4) - тармақшаларында көрсетіл­ген құжаттар жіберіледі. Конверттің сыртқы бетінде: мынадай мазмұндағы мәтін: «№ 1 КОНВЕРТ» және «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛ­ҒАУЫ КОНКУРСЫ», шығарманың ұраны, но­минация мен атауы жазылып көрсетіледі. № 2 конвертпен осы Қағиданың 23-тар­ма­ғының 5) - тармақшасында көрсетілген құ­жат­тар жіберіледі. Конверттің сыртқы бетінде мынадай мазмұндағы мәтін: «№ 2 КОНВЕРТ» және «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ КОНКУРСЫ», шығарманың ұраны мен өтініш берушінің пошталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, Конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында) жазылып көрсетіледі. 25. Құжаттар 2011 жылдың 15 қыр­күйе­гіне дейінгі мерзімде мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 010000, Қазақстан, Астана қала­сы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 8 үй, «Олимп Палас» т/к, КЖ-18, 8 кіреберіс, блок «L», «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ, E-mail: info@ruhdk.kz, тел: 8 (7172) 54-64-77. 26. Көрсетілген мерзімді бұзу арқылы жіберілген құжаттар қарауға қабылданбайды. 4. Ұйымдастыру комитеті 27. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Конкурсты өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітеді. 28. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік ор­гандар мен Конкурсты өткізуге қатысушы мә­дениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйым­­дастыру комитетінің мүшелері өз функция­ларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады. 29. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты да­йын­дау және өткізу бойынша басшылықты жү­зеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды. 30. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпа­рат­тық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды. 31. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты да­йындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді. 5. Конкурстың қазылар алқасы 32. Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткер­лерінен құралады және Қазақстан Республика­сының Мәдениет министрлігімен бекітіледі. 33. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс. 34. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды. 35. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 36. Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен белгіленген жүлделі орындарды бер­меу­ге немесе үміткерлер арасында бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы. 37. Қазылар алқасы мүшесінің Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ. 38. Шығарманы бағалаудың критерийлері: 1) жоғары көркемдік деңгейі; 2) жанрлық ерекшеліктері; 3) тақырыпты ашудағы өзінділігі; 4) автордың шығармашылық даралығы және шеберлігі; 5) шығарманың көркемдік баян етілуі. 6. Конкурсты қаржыландыру 39. Конкурсты өткізуді қаржыландыру 2011 жылға арналған республикалық бюджет­те көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. 40. Конкурсты дайындау және өткізу үшін демеушілердің және Қазақстан Республи­ка­сы­ның заңнамасымен тыйым салынбаған бас­қа да шығын көздері жұмылдырылуы мүмкін. 7. Қорытынды ереже 41. Осы Қағидамен реттелмеген барлық мә­селелер Қазақстан Республикасының қол­да­ныстағы заңнамасына сәйкес шешіледі. Республикалық «Тәуелсіздік толғауы»  конкурсын өткізудің Қағидасына қосымша «Тәуелсіздік толғауы» конкурсына қатысуға ӨТІНІШ Конкурсанттың аты-жөні Туған жылы Білімі Жұмыс (оқу) орны Мекен-жайы, телефоны E-mail Конкурстық шығарманың атауы Ұран Номинация СТН ДИН СТЖ