Өскемендегі «Азия Авто» автокөлік құрастыру зауыты» акционерлік қоғамында тағы бір елеулі оқиға болды. KIA Motors компаниясының төрт бірдей KIA Soul, KIA Optima, KIA Cadenza, KIA Sportage түрі конвейерден шықты. Оның салтанатты ашуылуына KIA Motors компаниясының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық офисінің президенті Йанг Хо Сон, «БИПЭК Авто» компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин, «Азия Авто» президенті Ержан Мандиев қатысты.
Оңтүстіккореялық KIA автокөліктерінің бұған дейін Өскеменде тағы бірнеше түрі шығарыла бастаған. Йанг Хо Сон мырзаның айтуынша, алдағы уақытта да Өскемендегі көлік зауытымен тығыз қарым-қатынас орнатыла бермек. Жаңа көліктердің бағасы онша қымбат емес.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.