• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Тиімділігі жоғары препарат

334 рет
көрсетілді

Нанотехнологияға негізделген «Биоплант-Флора» органи­ка­лық-минералды тыңайт­қы­шы­ның тиімділігі жайлы сол­түстікқазақстандық диқандар енді-енді біліп жатыр. Осы аттас зауыттың құрылысы  Қы­зыл­жар өңірінде қолға алын­ғанда алабөтен қуанған-ды. Зауыттың бірінші кезегін іске қосу жазға  белгіленген. Оған дейін  едәуір уақыт бар. Егіншілер препараттың Жамбыл ауданы «Агротехника» ЖШС-ның егіс алқаптарында сы­на­қ­тан өтіп, мол өнім бергенін естігеннен кейін тәжірибелік үл­гіде қолдануды жөн көрді. Облыс әкімі Серік Біләлов олар­дың өтініш-тілектерін ескеріп, Ре­сей­дің  «Биоплант-Флора» ком­па­ниясы басшыларына ұсы­ныспен шықты. Ресейліктер  көп күт­тірген жоқ.  Түрлі әдіс­те­ме­лік құралдарын, препараттың шыны құтыдағы үлгілерін қоса ала келді. Аудан әкімдері мен ірі агро­құрылым басшылары  қатысқан жиында органикалық-минерал­дық тыңайтқыштың экономи­калық және экологиялық орасан пайдасын алға тартқан компания президенті Акоп Азарян  қол­дан келген көмектерін аямай­тын­дарын, үш мың тоннаға дейін босата алатындарын жеткізді. Оның  айтуынша,  пре­парат­тың қолдану әдісі өте қара­пайым, ал тиімділігі өте жо­ға­ры. Бұрыннан қалып­тас­қан егіншілік мәдениетін сақ­тай оты­рып сіңіруге болады. Ба­луызға әсері мол. Ас­тықтың пісу мерзімін біршама қыс­қар­та алады. Ең бастысы, бағасы қымбат улы хими­каттарды қолдану барынша азаяды. Осылайша астықты ал­қап­та  көктемгі дала жұмыстары өз­геше жаңалықпен бастал­ғалы отыр. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.