• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Австриялық телеарна журналисімен кездесті

328 рет
көрсетілді

Кеше ел президенттігінен үміткер, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков австриялық «ORF» телеарнасы Мәскеу бюросының журналисі Маркус Мюллермен кездесіп, оның қойған сауалдарына жауап берді. Австриялық журналист кан­дидатқа ел ішіндегі жағдайға, оның көкейінде жүрген мәсе­ле­лерге, өзінің сайлауалды бағ­дарламасына қатысты бірқатар сауалдар қойды.  Мәселен, БАҚ өкілінің «Қазақстандағы саяси жағдайды қалай бағалайсыз?» деген сауалына жауап берген  Ж.Ахметбековтің пікірінше, әлем­нің басқа елдеріндегі сияқ­ты Қазақстандағы дағдарыс салмағы да бірінші кезекте ел тұр­ғын­дарының иығына түскен. «Дағ­да­рыс кезінде халық банкир­лердің тәуекелшілдігін көтеруге мәжбүр болды. Сол себепті, қа­зіргі таңда Қазақстанда әлеу­мет­тік мәселелер алдыңғы шепке шықты. Бұл, ең алдымен, азық-түлік, коммуналдық төлемдер бағасы мен тарифтерінің өсуінен көрінеді. Бұған еңбекақының төмендігі мен көп тұрғын үй­ле­р­д­ің сақалды құрылысқа айнал­ғанын қосыңыз. Әрине, Қазақ­стан дағдарыс салдарынан біртіндеп шығып келеді. Демек, ендігі кезекте елдегі жағдай Үкі­меттің кәсіби деңгейіне,   қабыл­даған саяси шешімдерінің сапа­сына тікелей байланысты бола­ты­нын айтуымыз керек», – деді кандидат өз сөзінде. Ж.Ахметбековпен әңгімелесу барысында Маркус Мюллер оның алдағы өтетін сайлаудан қандай үміт күтетінін сұрады. «Сайлаушылардың дауысын санап, болашаққа алдын ала болжам жасағым келмейді. Бұл – саясаттанушылардың жұмысы. Мен – саясаткермін. Менің міндетім – ең соңына дейін күресу. Ал биліктің міндеті – халықтың үніне құлақ салу, олардың мұң-мұқтажына мән беру, әлеуметтің әлеуетін көтеру», –  деді ол. Сұхбат барысында журналист кандидатқа өзінің халыққа ұсынып отырған сайлауалды бағ­дарламасының басты ұста­ным­дары жөнінде айтып беруін сұрады. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының өкілі өз сайлауалды бағдарламасының 3 ұстанымға негізделгенін, олар­дың алғашқысы – елдегі ең тө­менгі өмір сүрудің есептік көр­сеткішін халықаралық стандарт­қа сәй­кес­тендіруге, екіншісі – Қазақ­стан­ның мемлекеттік жо­ғары оқу орындарын бітірген жас­тардың жұмысқа орналасу­ла­рын кепілдендіруге, ал үшіншісі елдегі коммуналдық төлемдер жүйесін жаңғыртуға бағыттал­ға­нын атап өтті. Сұхбат барысында Ж.Ахметбеков халықшыл коммунис­тер­дің 2012 жылғы парламенттік сай­лауға белсенді түрде қаты­са­тынын, бұл ретте өз тарап­та­ры­нан «жаңа әлеуметтік бағыт» бағ­дарламасы  ұсынылатынын атап көрсетті. «Сол арқылы біз қазіргі таңдағы саяси және әлеу­меттік-экономикалық жүйеге пар­ламентаризмнің қандай да бір құрылымдары негізінде әсер еткіміз келеді», – деді ол өз сөзінде. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.