• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

357 рет
көрсетілді

Алматы, 2011 жылғы 29 наурыз ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫ АЙНАЛЫСҚА ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тура­лы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Рес­пуб­ли­касының № 2155 За­ңы­на сәйкес Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ұлттық Банкі 2011 жылғы 29 нау­рызда «Ғарыш» монеталар сериясынан «Тұңғыш ғарышкер» - номиналы 500 теңгелік «pro­of» сапасымен бико­лор­лы және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспа­сы­нан, «Шы­ғыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Қо­ян жылы» номиналы 500 теңгелік «pro­of» сапасымен күмістен және алтын­нан жасалған, Шанхай ынты­мақ­тастық ұй­ымының 10 жылдығына арналған номи­на­лы 500 теңгелік «proof» сапасымен кү­міс­тен жасалған ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады. «Тұңғыш ғарышкер» монеталарының сипаттамасы Нейзильбер қоспасынан және биколорлы монета­лар­дың екеуінің де бет және сырт жақтарындағы суреттері бірдей. «Proof» сапасымен жасалған бико­лор­лы монетадағы бейне айна тәрізді бетке орна­лас­тырылған. Биколорлы (құрама) монетаның пішіні шеңбер тәріздес, концентрациялы түрде орналасқан сақина және дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі күміс­тен, сыртқы сақинасы танталдан жасалған. Монеталардың бет жағына (аверсіне) ортада адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің ба­йланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы (биколорлы монетада «500 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ») орналасқан. Номиналдан тө­мен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар (би­ко­лор­лы монетада екі жолға орналастырылған және монета дайындалған металды, оның сынамын және мас­са­сын білдіретін «Ag 925 16,7 gr. Та 24 gr.» деген жазба). Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «RE­­PUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада ғарышқа ұшқанына 2011 жылы 50 жыл толатын тұң­ғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің бейнесі. Сол жақ бө­лігінде – «Восток» жер серігі кемесінің суреті Жер ша­рын қоршаған орбитада бейнеленген, ғарышқа Жер­ден тұңғыш рет адам ұшырылған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «1961-2011» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТҰҢ­ҒЫШ ҒАРЫШКЕР» деген жазу, Ю.А.Гага­риннің қол­таңбасының бейнесі және орыс тілінде «ПЕРВЫЙ КОСМОНАВТ» деген жазба. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген. Ескерткіш монеталар: 1) биколорлы орындалған, массасы 24 грамм танталдан сақина, дискісі 925/1000 сынамды күмістен, массасы 16,7 грамм, диаметрі – 38,61мм., «рroоf» сапасымен жасалған, таралымы – 5 мың дана. Қыры (гурты) бедерлі; 2) ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана, қыры (гурты) бедерлі. «Қоян жылы» монеталарының сипаттамасы Монеталардың пішіні он екі қырлы. Күмістен және алтыннан жасалған монеталардың екеуінің де бет және сырт жағындағы суреттері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бө­­лігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыз­да­ры­ның мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба (күмістен жасалған монетада - «Ag 925 31,1 gr.», алтыннан жасалған монетада – «Au 999 7,78 gr.») орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусыр­ма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ­ЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KA­ZAKH­STAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2011 жылдың сим­волы – қоян бейнеленген. Қоянның үстінде Қа­зақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасты­рыл­ған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күң­гірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра мо­не­таның соғылған жылын білдіретін «2011» деген ой­ың­қы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫ­ҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған. Монеталардың бет жағындағы және сырт жағын­дағы суреттер және жазбалар бедерленген. Ескерткіш монеталар: 1) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 38,61мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы - 5 мың дана, қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ; 2) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 7,78 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 21,87 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана, қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ. ШЫҰ 10 жылдығына арналған монетаның сипаттамасы Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлі­гінде бес қабаттап бұралған сегіз бұрышты өрнекті розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және моне­таның массасын білдіретін «31,1 gr.» деген жазу, оң жағында – монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Мо­нетаны айналдыра моншақ тәріздес жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бө­лігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының эмбле­ма­сы орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ШАН­ХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА 10 ЖЫЛ» деген жазу және ШЫҰ құрылған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «2001-2011» деген жазу бар. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 4 мың дана, қыры (гурты) бедерлі. Номиналдары 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бү­кіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі «Ғарыш» сериясынан «Тұңғыш ғарышкер» ескерткіш монеталары ғарышты зерттеу және ғалам­ның құпияларын игеру тарихындағы айтулы оқиға­лар­ға арналған серияны жалғастыратын күмістен/танталдан жасалған монеталардың және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың алтыншы жұбы болып табылады. 1961 жылғы 12 сәуірде Кеңес Советтік Социалистік Республикалар Одағының азаматы ұшқыш майор ГАГАРИН Юрий Алексеевич «Восток» жер серігі кемесінде әлемде тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Монета осы оқиғаның 50 жылдығына арналған. Ескерткіш биколорлы (құрама) монета әуеғарыш өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын металл - танталды қолдана отырып дайындалды. «Қоян жылы» ескерткіш күміс және алтын монеталар «Шығыс күнтізбесі» жаңа монеталар сериясын ашады. Шығыс күнтізбесі бойынша 2011 жылдың 3 ақпанынан бастап Қоян жылы кірді. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруа­шы­лық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арнал­ған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш моне­та­лардың әрқайсысынан бір мың данадан арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, Алматы қаласында мына мекен-жай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.