• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Мәжіліс бюросының отырысы өтті

354 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжі­лі­сі­нің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті оты­рысы өтті. Онда Мәжілістің жал­пы отырысына шығары­ла­тын мәселелер сараланды. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттардың талқысына екі заң жобасын ұсынды. Атап айтқанда, «Беларусь Республи­ка­сы­ның, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұ­най мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымал­дау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет­тері­не қол жеткізу қағидасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бар. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Еңбек кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасымен  жұ­мысты  жалғастыру қажеттігін ай­тып отыр. Ал Қаржы және бюд­жет комитеті еліміздің кейбір заң­на­ма­лық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді қарастыратын  заң жо­басын екінші оқылымға дайындады. «Егемен-ақпарат».