• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2011

Дауыс беру – азаматтық парыз

903 рет
көрсетілді

Дәл қазір бүкіл еліміз аса бір жауапты белестің алдында тұр. Ол белестен біз алдағы жексенбіде – 3 сәуірде өтеміз. Қалай өтеміз? Былайша қара­ғанда, бәрі де айқын сияқты. Қазақстанның қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы алар орны қомақты екені белгілі. Мем­ле­кетіміздің жыл асқан сайын абыройы артып, халқымыздың әл-ауқаты жақсара түскенін бәріміз көріп отырмыз. Ел аман, жұрт тыныш. Жұмыр Жердің о жақ, бұ жағынан жетіп жатқан жаманат жан түр­шіктіреді. Құдайға шүкір, соның бәрінен халқымыз аман тұр. Мұның өзі тәуелсіздіктің 20 жылында жүргізілген жүйе­лі жұмыстың жемісі. Менің ойым күні ертеңгі президенттік сайлауға байла­ныс­ты олай деп, бұлай деп пікір айту емес, үгіт жүргізу емес. Менің ойым отандаста­рымыз­дың осы сай­лау­дағы белсенділігіне байланысты. Біз біразды көрген, ана қо­ғамда да, мына қоғамда да қыз­мет атқарған буынның өкі­ліміз. Мен өзім қала әкімі болып та жұмыс істедім. Қол­дан келгенінше елге еңбек еттік. Сол кешегі кеңестік ке­зең­де сайлауға қатысудағы белсенділік бөлекше болатын. Қол­дан жасалса да, ұйым­дас­тырылса да сайлау ел өмі­ріндегі елеулі оқиғаға айна­ла­тын. Әрине, ол кездегі саяси жүйе басқа, идеология басқа. «Коммунистер мен партияда жоқтардың мызғымас блогы­ның» бар екенін әлемге паш ету үшін коммунистік билік сайлауға адамдарды түгелге жуық қатыстырмай тын­байтын. Әртүрлі себептермен сайлау учас­кесіне баруды кешіктіріп жатқандардың үйіне жетіп, алдыға салып айдағандай етіп алып келетіндері де болатын. Демократия желі есіп, қайта құру деген кезең келгелі бері адамдардың санасында бәрін де өзі шешетін психология орныға түсті. Мұның жақсы жағы көп. Сонымен бірге кемшін тұстары да бар. Талай адам осыны бетперде етіп, өзінің самар­қау­лы­ғын, қоғам үстіне бейғам қарай­тынын көлегейлеуге бейім бо­лып бара жатқандай. Мұны біз кей-кейде азаматтарымыздың өзі­нің конституциялық құқын – мына мемлекеттің маңызды мә­селелерін шешетін ірі іс-ша­раларға қатысу, мысалы, сайлауларда дауыс беру мүмкіндігін пайдаланбай қала беретінін де байқаймыз. Ал шын мәнінде азаматтың азаматтығы, қоғам істеріне араласу белсенділігі, ең алдымен осы сайлау құқын пай­далануынан көрінеді ғой. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемнің назарында тұр. Күні кеше  Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төр­аға­лық еткен, оның он бір жыл­дан бері шақырылмай келе жат­қан Саммитін абыроймен өт­кіз­ген, енді аз уақыттан кейін бүкіл мұсылман әлемінің тізгінұстары болғалы отырған еліміздегі де­мократияның деңгейі азаматтар­дың сол ел тағдырын шешетін маңызды іс-шараға қандайлық белсенділікпен қатысатынынан да көрінеді. Менің дауысым не өзгерте қояды дейсің, басқалар барады ғой, солар дауысын береді ғой, мәселе дұрыс шешіледі ғой деп немқұрайдылыққа са­лы­нар болсақ, өзіміздің  қо­лы­мызға тиіп тұрған мүм­кін­діктен енжарлығымыз үшін ғана айырылар болсақ, мұның өзі елдігімізге бір сын. Ел ісіне араласу, мемлекет  бола­ша­ғының тағдырын шешу, соған ықпал жасау біздің бәрімізге тәуелсіздік беріп тұрған сый­дың бірі. Сен еліңді алдағы бес жылда кім басқаратынына қатысты өз пікіріңді білдіріп қана қоймайсың, ертеңгі сайлауда жұлдызы жанғалы тұр­ған кандидаттың жеңіске жетер пайызын да айқындауға әсер етесің. Осыны сезінудің өзі жүрек толқытарлық жай емес пе? Бүгінгі таңда өзіміз ара­ласып-құраласып жүрген ор­та­ның  адамдары айтып жат­қан сөздер де, бұқаралық ақ­парат құралдарындағы пікірлер де қазақстандықтар 3 сәуірде бүкілхалықтық сай­лау­ға  белсенділікпен қаты­са­рына сендіреді. Соның өзінде де ел халқының сайлауға қа­тысу деңгейі барынша жоғары болғаны еліміздің мерейі екенін ескерсек деймін.   Ойым­ды қорыта келіп, айтарым мынау: Қазақстан – өз Ота­нымыз, өз Отанымыздың тізгінін алдағы бес жылға кім­нің қолына сеніп тапсыра­ты­ны­мызды біз өзіміз шешеміз. Әр­қайсымыз шешеміз. Осы мүм­кіндікті пайдаланып қалайық. Сайлауда дауыс беру – біздің азаматтық парызымыз. Мұрат ЕРГЕШБАЕВ, Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бастығы.