Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы №233 шешіміне толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады. Бұл толықтырулар негізінен Қарабалық ауданындағы көл орнына күл-қоқысын көміп отырған Ресейдің «Троицк ГРЭС-і» ашық акционерлік қоғамына қатысты болатын. Бұл кәсіпорын осы уақытқа дейін қоршаған ортаға келтірген зиянының эмиссиясы үшін 50 пайыз төлем төлеп келді. Өткен жылы облыс бюджетіне одан 1 миллиард 300 миллион теңгеден астам түсім түсті. Бұл облыстағы эмиссия үшін төленетін барлық төлемдердің 30 пайызын құрайды. Енді облыстық мәслихат депутаттары 100 пайыз төлем алу туралы шешім қабылдады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
Қостанай.