• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2011

Тозғанды жамап, ескіні жаңарту үшін

464 рет
көрсетілді

Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы мен ЕҚДБ заем келісіміне қол қойды Бұл күндері еліміздегі энергетика нысан­дары мен жылу желі­ле­рінің тозығы жетіп тұрғаны өзекті мәселелер қатарында. Бұл – кешегі кеңестік республикалардың бәріне тән жағдай. Сонымен, осы көкейкесті мәселені шешу мақсатында сенбі күні  Алматыда «Ор­талық Азия электр энергетикалық кор­по­­ра­циясы» (ОАЭК) АҚ пен Еуропа Қай­та құру және даму банкі (ЕҚДБ) Павлодар, Екібастұз, Петропавл қалаларының жылу желілерін жаңарту жөніндегі  заем келісіміне қол қойды. Қалай десек те, бұл келісімдер тұрғындардың өмірінде игі кө­рі­ніс табуы тиіс. Халық жы­лусыз, жарықсыз отыра алмай­ты­ны бел­гілі. Тозығы жеткенді жаңар­та­тын кез әбден жетті. Осы елеулі рәсімге орай өткен бас­па­сөз мәс­ли­хатында «Ор­та­лық Азия электр энергетикалық кор­порациясы» АҚ Директорлар ке­ңесінің төрағасы Александр Клебанов: – Энергетика нысандарының то­зуы – ертеден келе жатқан көкей­кесті мәселенің бірі. Олар­дың кей­бірі инвестицияланса, кей­бірі­не әлі тартылған жоқ. Осының салдарынан жылу желілеріндегі шы­­ғын артып, құбыр­лар әбден то­зып тұр. Бұл  – Қазақстан ғана емес, бұрынғы кеңестік рес­пуб­ликалар­дың бәрі­не тән ахуал. Шығын 25 пайызды құрайды. Біз қазір қаржы институттарынан нақты талаптармен 40 миллион доллар көлемінде 2 заем тартып отырмыз, – деді. Сонымен , ЕҚДБ кредиттік желісі 2 несиеден тұрмақ. Біріншісі – 13 жыл мерзімге 4,5 пайызбен бе­рілетін 30 миллион доллар. Оған сондай-ақ, қазақстандық бан­­­ка­ра­лық әлеумет­тік мөл­шер­леме қо­сылады. Ал 10 миллион дол­ларға жуық келесі несие 20 жыл мерзімге берілмек. Онда бас­тапқы 10 жылдық демалыс жеңілдігі бар. Бұл жо­ба­ны банк ОАЭК-ның корпоративтік кепілдігі бойынша Таза технологиялар қорымен бірлесіп қаржы­ландырмақ. Бұл олар­дың Таза технологиялар қорымен бірлесіп қар­жыландыратын Қа­зақ­стан­дағы тұң­ғыш жобасы бо­лып отыр. Баспасөз мәслихатында еліміздегі жылу желілерінің 70 па­йы­зының тозығы жеткені айтылды. Ал Орталық Азия электр энер­ге­ти­ка­лық корпорациясы 5 жылда Пав­лодар, Екібастұз, Петропавл қала­ла­рының жылу желілеріндегі тозу­ды 70-тен 45 пайызға дейін азайта ала­тынын мәлімдеп отыр. – Қазақстанда жылумен қамту саласының инвестициялық тар­тым­­дылығы арнайы жаңа заң қа­был­дан­ғаннан кейін соңғы кезде ғана артып келе жатыр. Оған бұған дейін ай­тарлықтай инвестиция тар­тылған жоқ. Сондықтан энерге­ти­калық ком­па­ниялар енді ғана жылу желілеріндегі шығынды азайтудың 3-5 жыл­дық жоспарларын жасай бас­тады. Біздің басты мақсатымыз – жылу желілеріндегі тозуды қа­лып­ты деңгейге түсіру, – деді Александр Клебанов. Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикадағы жылу желілерінің шығыны 30 пайызды құрап отыр. Ал «Павлодарэнерго» АҚ бас­қарма төрағасы Анатолий Дуканың сөзіне қарағанда, онда жылу құбырла­ры­ның 80-85 пайызы тоз­ған. Сон­дық­тан желідегі шы­ғын көлемі де онда біршама жоғары болып отыр. Сол себепті бизнес-жоспар бойынша өн­дірісті қайта құру жұмыстары жүр­гізілуде. Мәселен, биыл №1 қа­зандықта жаңа турбина іске қо­сылмақ. 30 жылдан кейін ауыс­ты­рылған бұл турбинаның бұрынғыға қарағанда қуаты да жоғары. Сондай-ақ, қол қою рәсімінен ке­йін іле-шала өткен баспасөз мәс­лихатында «Петропавл жылу желілері» ЖШС алдағы 5 жылда жылу құбырларын 45 пайызға дейін азайта алатынын мәлімдеп отыр. – Мәселен, Петропавл қала­сы­ның жылу желілері 60-шы жыл­дары са­лынған. Сондықтан да көп­теген ма­гистралдық желілердің нор­­мативтік қайталану мерзімі аяқ­талып, тозығы жеткені түсінікті. ЕҚДБ қаржысы бізге желілерді қайта модернизация­лауға және біз ұсынатын қызмет­тердің сапасы мен сенімділігін көтеруге мүмкін­дік береді, – деп атап өтті «Петропавл жылу желілері» ЖШС ди­рек­торы Андрей Калиничев. – Бұл алдағы уақытта жылу желілеріндегі ахуал­ды жақсартуға мүм­кіндік береді. Александр Клебановтың ай­туынша, Еуропа Қайта құру және даму банкінен алынатын 30 мың долларлық кредит еншілес «Павлодар жылу желілері» АҚ пен «Петропавл жылу желілері» ЖШС кәсіпорындарына беріледі. Ал банк пен Таза технологиялар қоры бірлесіп қаржыландыратын жобаға 10 миллион долларға жуық кредит берілмек. Бұл қаржы желілерді жа­ңарту инвестициясы мен түпкілікті тұтынушылар үшін та­рифтердің қол­жетімділігі қа­ты­на­сын оңтай­лан­дыруға кө­мек­теседі. ЕҚДБ-нің Муниципалды жә­не экологиялық инфра­құры­лым­дар бөлімінің аға банкирі Екатерина Мирошник: – Бұл – біздің Таза технологиялар қорымен бірлесіп қар­жы­лан­ды­ратын Қазақстандағы ал­ғашқы жеңілдікті кредиттік жо­бамыз. Ол ауаға таралатын зи­янды зат­­тарды азайтуға өз септігін тигізеді. Өйт­кені, жылу құ­бырларын жа­­ңарту арқылы энер­гетикалық компаниялар жылу желісіндегі шы­­ғынды азайтып, кө­мір тұ­тынуды айтар­лықтай кемітеді», – деп отыр. Оның айтуынша, жылу желілерін жаңарту бағытында қазір олар­мен бірқатар жергілікті ат­қа­ру органдары жұмыс жүргізуде. Сон­дықтан алдағы уақытта ЕҚДБ мұн­дай жобаларды рес­публи­ка­ның өзге өңірлерінде де жүзеге асы­руы мүмкін. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.