• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2011

«Өзібековтің өктемдігі

499 рет
көрсетілді

Сабаншиевті сергелдеңге салды» («Егемен Қазақстан», 2011, 16 наурыз.) БАС ЖАРЫЛСА, БӨРІК ІШІНДЕ Мен, Талап Хамитұлы Тоқмурзин,  «Еге­мен Қазақстан» газетінің  2011 жыл­­ғы 16 наурыздағы  санында жа­рия­ланған  «Өзі­бековтің өктемдігі» атты ма­қаланы оқып, үнсіз қалмай, өз пікірімді  білдіргелі отырмын. Себебі, мен  жерге орн­алас­тыру  саласында оның құрылған уа­қы­ты­нан бастап, яғни Жер ре­сурс­тары және жер қатынастары бойынша мемлекеттік коми­теттің   құрылған уа­қы­тынан бастап қыз­мет жасаған бо­латынмын.  Мен   Көк­­ше­тау ау­дандық жер қатынас­тары бойын­ша комитетінде, Зеренді аудандық жер қаты­нас­тары бо­йынша комитетте, Ақмола облыс­тық жер ре­сурстары бойынша комитетте бас­тық болып қызмет атқардым.   Сон­дық­тан да бұл сала мен үшін қымбат та ба­ғалы.   Әрине, мен Жер ресурс­тарын бас­қару агенттігінің сая­сатын  толықтай қолдай­мын. Мүмкін шынымен  де сырт көзге төрағаның бұл әрекеті тым түсініксіздеу сияқты шығар, бірақ «жел болмаса шөптің басы қимылда­май­ды», негізсізден  республикалық мемлекеттік кәсіп­орын­ның  директорын  жұ­мыс­тан босат­пай­тын шығар.  Яғни, бұл жерде  алқа мә­жілісі өткізіліп, «Жер ре­сурс­тары жә­не жерге  орналастыру  мемлекеттік  ғы­лыми-өндірістік орталығы» рес­­публи­калық мем­ле­кеттік кәсіпорны­ның бас директоры Б.Сабаншиевтің аты­на түскен арызы қа­рал­ған, бұған дейін де тексерістер жүргізіліп, ескертулер берілген. Бірақ ескертулерді Б.Сабаншиев  ескермеген. Мақаланы  оқу барысында Б.Сабаншиев пен Жер ре­сурстарын басқару жөніндегі агенттік төр­аға­сының орын­басары Қ.­Ө.Райым­бе­ков­тің берген сұх­ба­тындағы айтқан  кейбір мә­селелер сәй­­кес келмейтіндігі оқыр­ман қауымға бірден көрінеді. Сондықтан, ал­да­ғы уа­қытта осындай жағдайлар орын алмау үшін, агенттік тарапынан бақы­лау­ды кү­шейту қажет. Бір тәртіп, реттілік болу керек қой. Бүгінгі күні еліміздің  бас­шы­сын сайлаға­лы отырмыз, яғни сай­лауалды кезеңде мұндай дау тудырып, жариялау дұрыс емес деп ойлаймын.  Қа­зақ әрқа­шанда жа­мандығын жасырып, жақ­­сы­­лы­ғын асыр­­ған халық, сондықтан,   біз­­дің ойымыз­ша, осын­д­ай республика көле­мін­де жариялап, дау тудырудың қа­жеті жоқ еді. Ел арасында «бас жарып, көз шы­ғарып» жатқан ешкім жоқ, солай бола тұр­са да «бас жарылса, бөрік ішінде» деп, ауыл-үйдің әңгімесін сыртқа шығар­май, ағайыншылықпен іштен тынатын жұрт едік. Т.ТОҚМУРЗИН, зейнеткер. * * * ЖЕРДІ ҚАДІРЛЕУ – ЕЛДІ ҚАДІРЛЕУ Қазақ халқы үшін жер дауы  қашанда өзек­ті мәселе болып келді және бүгінгі күні де өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Негізгі кәсібіміз мал шаруашылығы бол­ғандықтан,  ата-бабадан қалған ұлан-ға­йыр жерді тиімді пайдалануды мақсат тұт­тық. Тәуелсіз ел атанған жиырма жыл ішін­де жерді пайдалану мен қор­ғауға мем­лекет­тік бақылау жасау, жер заңды­лық­та­рының сақталуы мен та­лап­тарының орын­далуы бағытында қыруар жұ­мыс атқа­рылды. Осы жұмыстар елі­міздің әр түк­піріндегі жер инспек­ция­ла­рына жүктел­ген десек, олар өз дең­гейінде қызмет етіп келеді. Өткен жылы Атырау және Маңғыс­тау облыстары бойынша өңіраралық жер инс­пекциясына 493 өті­ніш, арыз-шағымдар келіп түсті, оның 249-ы жергілікті атқарушы орган, 46-сы құқық қорғау органы, 122-сі жеке және 76-сы заң­ды тұлғалардан келген. Азаматтар қай уақытта шағымданады? Әри­не, жер заң­намасының бұзылу фактілері орын ал­ғанда, ал басым бөлігі екі жер учаскесі иелерінің арасында болған жер дауы негізінде туындайды. Ал бұл жеке, заңды тұл­ғалардың құқықтық сауатының әлі де болса төмендігін, тіпті кейде қырсыздығын көр­сетеді. Инспекцияның мақсат-міндеті де осы олқылықтарды анықтап, құқық бұзушы­лық­қа жол бермеу. Кейбір мы­салдар арқылы осын­дай келеңсіз­діктерді көрсетіп, алда ондай жағдайға ұрынбаудың қамын жасауды қаперге бергіміз келеді, өйткені, заң талап­тары қай өңірге де бірдей. Мәселен, инспекция жер заң­на­ма­сының сақталуын тексеру бары­сында ірі кө­мірсутегін өндіру­ші «Жал­ғызтөбе­мұ­най» ЖШС-нің жерге мемлекеттік мен­шік құ­қығын бұзу фактісін анықтады. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы компания 2005 жылы «КМТ» ЖШС-нен кен өндіру құқын алып, күні бүгінге дейін, яғни 5 жылдан астам уақыт серіктестік атына контрактілік аумаққа құжаттар рәсімдемей, мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз пай­даланып келген. Инспекция осы факті бо­йын­ша шаралар алып,  «Жал­ғыз­төбемұнай» ЖШС-не 2 млн. 826 мың теңге айыппұл салынып, жер заңы та­лап­тарының бұзылуын жою туралы нұс­қама берілді. Қазіргі уақытта инспекция талабы толықтай қанағат­тан­дырылып, айыппұл бюджетке өндіріліп, жерге тиісті құжаттар рәсімделді. Осындай заңға салғырт қараушылық жергілікті атқарушы органдар тарапынан да кездесіп қалады. Мысалға, Жылыой аудан­дық жер қатынастары бөлімімен «Жаңа Таң» ЖШС иелігіндегі жер учас­кесінің бір бөлігі негізсіз «АВ-GROUР» ЖШС-не табыс­та­лып, ол бойынша соң­ғысымен жер учаскесін жалға беру туралы заңсыз шарт жасалып, екі жер теліміне негізсіз сәйкестендіру құ­жат­тарын беріп, екі заңды тұлғаның аза­мат­тық қаты­настарына негізсіз араласқан. Сөйте отыра, «Жаңа Таң» ЖШС мүддесіне нұқсан келтіру арқылы, өз құзыретіне тән емес функ­цияларды асыра оты­рып, мемлекетке ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны келтірумен шектескен әрекеттерге жол берген. Тексеру нәти­жесімен жинақталған құжаттар тиісті құқық қорғау органына жол­данып, Жылыой аудан­дық жер қатынастары бөлімі бас­тығына қа­тыс­ты қылмыстық іс қозғалып, ол жұмыс­тан шеттетілген және іс сотқа жолданды. Міне, осындай фактілер біздің әлі де болса шалағай шешім қабылдап, заң шеңберінде қызмет етуді үйрене алмай келе жатқа­ны­мызды көрсетеді. Соған орай жеке, заңды тұл­ғалардың, мемле­кет­тік органдар ма­ман­да­рының құқық­тық сауат­тылыққа сергек қа­рауын құп­тар едік. Бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының осы бағытта насихаттық пәр­мені зор екеніне шүбә жоқ. Соған сәй­кес, инспекция ма­мандары республи­калық және жер­гілікті басылымдардағы жер мәселесіне қатысты мақалаларды жібермей оқып оты­руды әдетке айнал­дырған. Жуырда еліміздің белді ба­сылымы «Егемен Қазақстан» газетінде «Өзібековтың өктемдігі Сабаншиевті сер­гелдеңге салды» атты мақала жарық көрді, ұжым болып оқып, ойға қалдық. Мақала мәтіні бейжай қалдыра алмады. Жер ресурстарын басқару агентті­гі­нің төрағасы Ө.Өзібековті білімді азамат, білікті басшы ретінде көп жылдардан білеміз, бір салада қызмет етіп келеміз. Бірақ өктем­дікке салынатындай өпіремдігін көр­меппіз. Мақа­лада айтылғандай, «Мем­ЖерҒОО» бас­шысы Б.Сабаншиевке бірнеше, тіпті қатаң ескерту берілген. Ақыры жұмыстан боса­тылған. Жұмыста жіберілген кемшілікке байланысты тиісті шара алынса, оның несі айып? Ал бас ди­рек­тордың қарама­ғындағы адамдарға бопсалау жасау, ұлттық кадр­лар­ды тарту желеуімен басқаларға қысым көрсету әрекеті құптарлық нәрсе деуге еш келмейді. Мемлекетіміз сыбайлас жем­қор­лық­пен табан­дылық таныта кү­ресуде, қо­ғам­ның ілгері дамуының жұлынқұрты санап, жа­ныш­тауда. Көп ұлтты мемлекет ретінде барша қазақстандықтарға бірдей конс­титуциялық құқық беріліп отыр. Елбасының қашанда айтатыны, көздегені де – ұлттар достығы, татулығы мен ел бірлігі. Осы тұрғыда ұлтқа, нәсілге бөлудің қажеті жоқ. Әркім сынға шыншыл болуы, биік ла­уазымдағы азаматтардың қоғам, ел алдында мінсіз, өзінен төменгі сатыдағы әріптес­теріне үлгі, өнеге болғаны керек. Мақаланы оқи отыра, біз осындай тұжырымға келдік. Қорыта айтқанда, жерге қатысты заң­дылықтарды сақтауда кемшілік болмаса екен. Әр заң бұзушылық соңы айыптылық жағ­дайға әкеліп соғады. Заңсыз шешім шығару, бір жерді бірнеше тұлғаға беріп жіберу, басқаның жерін рұқсатсыз иелену, жерді мақсатсыз пай­далану сияқты әре­кет­тердің бәрі де анық­талып, заңды тәр­тіппен шара алынатынын естен шы­ғармасақ абзал. Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша жер инспекциясы ұжымы. * * * ТАЛАП – ТАБЫС ТЕТІГІ «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақа­ланы оқып шыққан соң жағдайға өзі­міздің көз­қарасымызды білдіргіміз келеді. Мұндағы даудың негізі «Мем­Жер­ҒӨО» РМК  еншілес кәсіпорындары жетекшілерін аттестаттаудан өткізгеннен кейін тек Шығыс Қазақстан «МемЖерҒӨО» ЕМК Ғ.Жадринмен бір жылға, ал басқа 17 директормен 3 жылға ке­лісім-шарт жасау болып табылады. Шығыс Қазақстан «Мем­ЖерҒӨО» ЕМК атқарған жұ­мыстың көлемі жалпы көрсеткіш бойынша 2004 жылдан 2009 жалға дейін 59 пайызға артса да, рентабельділік 8,54 пайыз болған. Шын мә­нінде қабылданған нормативтік құжат­тарды, атап айтқанда, Мемлекеттік кә­сіп­орын туралы заңның 9-бабының 4-тар­мағын, сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкі­метінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысын бұзуға негіз болмаған. Өмірзақ Өзібекұлы Қазақстан Респуб­ли­­касының Жер ресурстарын басқару агент­тігінің (әрі қарай – агенттік) төр­ағасы бол­ған уақыттан бастап агенттікті қиын кезде – әлемдік экономикалық дағ­дарыстың бастауында қабылдап алды. Оның тікелей жетекшілік етуімен агент­тік­тің 2009-2011 жылдардағы даму Стра­тегиясы алғаш рет жасалды. Төраға Ө.Ө. Өзібеков агенттікті республика жер ре­сурс­тарын ұтымды да тиімді пайда­ла­нуды, сондай-ақ ел эконом­ика­сының са­па­лы геодезиялық және карто­графия­лық өнімге сұранысын қамтамасыз ететін жоғары кәсіби орган ретінде көре білді. Саланың агенттікті тұтас алғанда және оның құрамына кіретін  «Мем­Жер­ҒӨО» РМК-нің өндірістік бөлім­шеле­рінің ағым­дағы жағдайын талдаудан соң Өңіраралық жер инспекциялары мемлекеттік бас­қарма­лары­ның, «МемЖерҒӨО» мемлекеттік кәсіп­орын­дарының қызме­тіне қатаң бақылау ор­натты. Мемлекеттік жер кадастрын жүр­гізе­тін  «Мем­Жер­ҒӨО» кә­сіп­орын­дары­ның бірінші басшы­ларына талап едәуір күшей­тіліп, өңір­лерде агент­тіктің жауапты қыз­меткер­лері кә­сіп­орындардың барлық қыз­мет саласы бо­йынша  өткізген тексерулерден, тиісінше «МемЖерҒӨО» РМК-нің еншілес кәсіп­орындары жетекшілері, сондай-ақ бірінші басшылары тарапынан жіберілген кемшіліктер, олқылықтар, қателіктер мен жаңылыс басушылықтар анықтал­ғаннан кейін олардың есептерін агенттік колле­гия­­ларын­да тыңдай бастады. Бұл орайда коллегияда қарау нәтижелері, әдетте, тәр­тіптік жаза берумен аяқталып отырды. Оған қоса, бөлімшелердің барлық лауа­зымды тұлғаларының тарапынан сы­байлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу және уақтылы алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы заңнамасын сақтау жөнінде үлкен жұмыс атқарылуда. Агент­тіктің жабық түр­де өткізілген коллегия­сының соңғы шешімі – агенттіктің    «МемЖерҒӨО» РМК  бірінші жетекшісіне қатысты шара қол­дану жөніндегі табанды іс-әрекетінің орын­­далуы. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекцияларының ұжымдары.