• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2011

Санаңды сілкі, сайлаушы!

810 рет
көрсетілді

Сонымен, 3 сәуір күні Қа­зақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сай­лауы өтеді. Көпшілік болған соң қауымдасып, басымыз қо­сыла қалған ортада, жер-жерде айтыла қалар әңгіменің ал­ғашқы арқауы – осы сайлау жайлы және  түсіп жатқан үміткерлер туралы. Дербес ойлап, көркем толғайтын за­ман­дастарымыз­дың арасында үміткерлердің сайлауалды бағ­д­арламаларын кеңінен тал­қы­лап, қызу пікір­таласқа айнал­дырып жүрге­ні­міз де жасырын емес. Қыры мен сыры, құпиясы мол дүниенің сиқырына қа­ны­ғып, әлемдік деңгейдегі ғы­лым мен білімнің жаңалық­та­ры­на бой ұрып, ізденіске ұм­тылыс білдіріп, тамырына қан жүгіріп жатқан өндіріс ошақ­тары мен тұралап қалған кә­сіпорындардың, ауыл мен астананың, қала мен даланың жағдайы, басқа да шешуін таппай, шешімін күтіп жатқан көптеген проблемалардың тө­ңі­ре­гінде сөз қозғайтын қатар­ластарымның аузынан көшелі ой, орнықты пікір қылаң беріп жатса, қуана қолдауға тыры­сатынымыз тағы анық. Дегенмен, сананың тәуел­сіз­дігі қоғам тәуел­сіздігімен өл­шенбейді. Мені қынжыл­та­тыны, ішімізде соңғы жыл­да­ры «тастақ жолға бет бұрып алып», өмірдің ырқына мой­ынсұна бастаған, мойнымыз үзілгенше бас шұлғып үйрен­ген «мома­қан» қалпымызды бұзбай, әр нәр­сеге әлі де тәуелсіз көзбен қарай алмай­тын соқыр сенім­ділердің ішінара кездесетіндігі. Уақыт жылжыған сайын қоғам да дами түседі. Кешегі биігіңнің ертеңгі күні аласарып қалуы табиғи заңды­лық. Осыны тереңнен түсініп, ұятымен ұғына бермейтіндер алдағы болатын сайлауды сол додаға түсуші­лер­дің тек билік пен басқаруға қол жеткізудегі құрал-сайманы ғана деп бағалайды. Демократия желеуімен қысыр әңгіме, жел сөзді кеулетуге құмарлар «бізге кім болса, ол болсын, әйтеуір еліміз тыныш, жұртымыз аман болса болды» немесе «бізге бәрібір, бастықтар кімге дауыс бер дейді, соған береміз», деген сияқты дүдамал дәйектермен басқаның басын қатырмақшы. «Досыңнан қорықпа, азар болса сатып кетер, жауыңнан қорықпа, азар болса атып кетер, қорықсаң немқұрайдылықтан қорық – ол сатып та, атып та кетеді». Айналайын ағайын-ау, өзіміздің сайлаушы ретіндегі ең жоғары құндылығымыз – құ­қы­мызды  самарқау,  марғау,  бой­­кү­йез немқұрайдылыққа құрбан еткенді қоятын кез жеткен жоқ па? Соңғы екі жүз жетпіс жыл­дық жылнамасында ұрпаққа үлгі қылар ізгілігін ұмытып, елдігімен қоштасқан, боданда болып, босағада қалған, бергі жетпіс бес жылда «жарқын болашақ» деген жасанды жылтыр сағымға алданып, жанын да, малын да, тілін де, дінін де жоғалта жаз­даған, сан мәрте қолдан жасал­ған қырғынға ұшырап, сан мәр­те табиғи түрде қатарын қайта толықтырған, бүгінде тұғырын нық қадап, туын түзу тігіп отыр­ған мемлекет мүшесінің айтар ойы ма осы? Шүкір, көрінгеннен көзтүрткі көріп, көрінгеннің табанында қалып, таба болған еліміз егемен болды. Еңсеміз тік, басы­мыз биік, Қазақстанымыз бұ­рын­ғы Одақ­­тың бұғау-қамытын ысырып тастап, әлемдік қаты­настарға шық­ты. Басқа дүние, әсіресе, әріптес мемлекеттерге талғампаз­дық­пен қарайтын тә­каппар Батыс пен азулы АҚШ секілді ай­бар­лы державалар дүние жүзінің картасында Қа­зақстан деген ел барын білді. Ға­лам­дық кеңіс­тік мойын­да­ды. Мой­ындап қана қоймай, санаса­тын мемлекетке айнал­дық. Әлем мұ­хитында қазақ кемесі дербес және еркін жү­зіп келеді деп емін-еркін мақ­таныш ете алатын шаққа жеттік. Ел экономикасы да алға қарай қарыштап дамып келеді. Саяси реформалар белсенді жүр­гізіле бастады. Қазақ­стан­да қа­лыптасқан ұлтаралық келісім мен дінаралық түсіністік – біздегі ең үлкен жетістік. Ендеше, президенттік сайлау науқанын естілікпен атқару бәрімізге сын болуы керек. Ал алдағы сайлауда кім жеңіске жетіп, кімнің сенімге ие болатынын уақыт көрсете жа­тар. Ең бастысы – алда бола­тын сайлау ертеңімізді таң­дау екеніне маңызды мән беруге тиіспіз. Қорыта айтқанда, Консти­ту­циямызға сүйеніп, сын са­ғатта сайлауға түскен үміт­кер­лердің барлығына құрметпен қарай білейік, ардақты азаматтар. Отандастарымның бәрін сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, саналы түрде дауыс беруге шақырамын. Үміт БИТЕНОВА, Ұлбике ақын атындағы аудандық мәдениет орталығының қызметкері. Жамбыл облысы, Қаратау қаласы.