• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2011

Сенім мен серпін

494 рет
көрсетілді

ОРАЛ. Өңірде жа­ңғыр­тыл­ған, күр­де­лі жөн­деулер жүр­гі­зіліп, қай­та­дан ең­се­сін тіктеген өндірістік және әлеуметтік-тұр­мыстық ба­ғыт­­тағы нысандар көп. Орал қаласында өткізілген фо­румда «Нұр Отан» ХДП Төр­аға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығ­матулин осындай тұ­жы­рым жасады. Иә, эконо­ми­ка мен мәдени өмірдегі біздің барлық табыстарымыздың бас­тау­шысы – президенттікке кандидат Нұр­сұл­тан Назарбаев. Біз қазір аса жауапты тарихи таң­даудың ал­дын­да тұрмыз. Сон­дықтан да мен бүгінгі форумда бәріңізді Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс беруге шақырамын, деді одан әрі президенттікке кандидат Н.На­зар­баевты қолдау жөніндегі республикалық штаб­тың төрағасы. Бұдан соң сөз алған «Әділет» демократиялық партиясының төр­ағасы Мақсұт Нәрікбаев, Парламент Се­натының депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Анатолий Башмаков, спорт шеберлері Альбина Гор­бунова мен Бақытбек Смағұ­лов «Нұр Отан» партиясы­нан ұсынылған кандидатқа дауыс бе­ріңдер десе, батысқазақстан­дықтар атынан сөйлеген Жайсаң Ақбай, Кейпін Төлегенов, Қа­шура Әжіғұловалар сөз алып, көпшілікті Нұрсұлтан Назар­баев­қа дауыс беруге шақырды. Жалпыұлттық демократия­лық күштер коалициясы мүше­ле­рінің бір тобы Тасқала ауда­нының жұртшылығымен кездесті. * * * АҚТАУ. Президенттіктен үміт­кер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаушылардың мыңдаған адам қатысқан облыстық фору­мы болып өтті. Оған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орын­басары, республикалық қоғам­дық штаб­тың жетекшісі Нұрлан Нығ­ма­тулин бастаған жалпы­ұлт­тық демократиялық күштер коалиция­сының бір топ өкілдері қатысты. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» аталған форумға об­лыстың аудан, қалаларынан жүз­деген адам келді. Олардың ара­сында аймақтың атақты адам­да­ры, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студент жастар болды. «Халық таң­дауы Н.Назарбаев», «Қазақстан, Алға», «Маңғыстау мұнай­шы­ла­ры Н.Назарбаевты қолдайды!» деген сияқты плакаттар көтерген жұртшылықтың жүздері жайда­ры, көңілдері көтеріңкі. Астана алаңындағы сәнді сахна төріне Астана, Ал­матыдан келген елге белгілі қай­рат­кер­лер­мен бірге, облыс­тың, қала­ның ардагерлері, қо­ғам­дық ұй­ым­дар өкілдері көте­рілді. Ал­ғаш­қы сөзді «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мү­шесі, белгілі саясаткер, сенатор Қ.Сұлтанов алды. Киелі Маң­ғыс­тау жерінің жұртшылы­ғы­мен аман-саулық­тан соңғы сө­зінде ол Тәуелсіз Қа­зақ елі, қа­зыналы түбектің тарихы мен өсіп-өркендеу жо­лын­дағы жетістіктеріне, осы рет­тегі Нұрсұл­тан Әбішұлының ерен еңбегі мен қа­жы­мас қайраткерлігіне кеңінен тоқ­талды. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, белгілі ақын Н.Оразалин, «Әділет» де­мо­кратиялық партиясының  төр­аға­сы М.Нәрікбаев, облыстық қо­ғамдық штабтың төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қараев, т.б. Нұрсұлтан Назарбаевты қол­дап дауыс беруге шақырды. «Егемен Қазақстанның» өңірлердегі тілшілері.