• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Интернеттің «илеуі»

811 рет
көрсетілді

ХХІ ғасыр – виртуалды әлемнің ғасыры. Яғни, ком­пью­терлік техниканың, ғаламтордың, түрлі же­лілік құрылғылардың дамыған кезі. Дүниенің жаһандануы, ақпараттың шексіз таралуы жасөспірімдерге кері әсерін беруде. Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасын­да өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені бел­гілі. «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені» деп келген қазақтың қазір де экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес. Ғаламторда отыратын өс­­ке­лең ұрпақтың санасы өте жылдам өзгеруде. Әри­не, виртауалды әлемде «та­быс­­ты» болуға мүмкіндік бар­­да шынайы өмірде күн ке­шіп қиналудың қажеті не?! Дос­тармен, туыстар­мен жиі хат алмасу, ұлдар­дың шынайы өмірде жа­қын­дауға, әң­гімелесуге баты­лы жет­пей­тін көптеген қыз­дармен та­нысуы, мұның бәрі жастар үшін өте қызық. Жастарға вир­туалды өмір қатты ұнай­ды, себебі шынайы өмірде бар­лығы басқаша, әлдеқайда қиын­дау. Бұл тым асқынып ке­т­пегенде, жастарды ула­ма­ған­да онша зияны болмас еді. Бір­ақ бүгінде жас ұрпақ шынайы өмірге бейімделмеген, қалыпты өмірде адамдармен қарым-қатынас, сұхбат құра алмайды, виртуалды қарым-қатынастан сәл алшақтай кетсе, өздеріне бірдеңе же­тіс­пей тұрғандай сезінеді. Жас­тарды компьютерсіз, те­ле­фонсыз, планшетсіз, теледидарсыз қалдырып көріңіз. Бір­ден түрлі қиындықтар туын­дай бастайды. Себебі, жас­тар виртуалды әлемнен тыс жерде немен айналысу керектігін білмейді. Біз қа­зақ­стандық және ресейлік те­ле­арналардан кейбір жас­тар­дың елдің болашағы үшін алаңдап, шыр-пыр болған жанайқайын кө­ріп жүрміз. Бірақ! Тоң жі­бір емес... Қазіргі ата-ана­ларға балаларының өз­де­рі­не кед­ер­гі жасамай, өз план­ше­тімен өз әлемінде отыр­ға­ны дұрыс. Ата-аналар бала отыратын виртуалды әлем өздері ойлағаннан да қауіп­ті әсер ететіндігін тү­сін­бейді. Ғаламторға қосылған ұя­лы телефон, планшеттегі же­л­і байланыстарының әсері өте үлкен. Балалар туға­ны­­нан бастап дамыту, сергу ойыншықтарына емес, ата-анасының ұялы телефо­ны­на, планшетіне, айпады­на ұмтылуда. Басында бұл ба­лаға тек қана жарық бе­ре­тін, жылжитын, сурет көр­сететін, сурет салатын зат сияқты болып көрінеді, кей­ін­нен қызыға келе сол ұя­лы телефонға немесе план­шетке жіпсіз байлана­ды. Бұл жасөспірімнің дүние­та­нымының дамуына, өмір­ге деген көзқарасына, қор­ша­ған ортамен байланысына, ай­на­ладағы құбылыстарды сезі­нуіне кедергі жасайды. Кө­зінің көруі нашарлайды, денсаулығына зиян кел­тіреді. Баланың асқа тәбеті бұзылып, белгілі бір ре­жі­м­дерден ауытқиды. Жа­с­өс­пі­рім кезіндегі зиянын айтып жеткізу мүмкін емес. Бала өздігінен талпыну мен ізденуден қалып, тек дайы­н­ға, әріп терсе дегені алдынан шығатын әзір дүниеге әбден бейімделеді. Мектепте бе­рілген үй тапсырмасын өзі із­деніп, ойлап құрастырып, орын­дамаған баланың таным процестері, яғни ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттеріне дейін сол бір экранға тәуелді болуы – үлкен мәселеге айналды. Сондықтан затты орнымен, уақытымен, белгілі бір шектеумен қолдануын қадағалауға бала тәрбиелеп отырған әр ата-ана үлкен мән бергені дұрыс. Тағы бір өзекті мәселе – жас­тарымыздың осы ға­лам­тор желісі арқылы таны­сып, шаңырақ көтеріп жат­қандығы. Біз мұндай құ­былысты құптамаймыз. Ға­ламтормен танысып, ша­ңы­рақ көтерген дұрыс емес деген пікірімді де білдіргім ке­ле­ді. Өйткені, мұндай махаббат ұзаққа созыла қоймайды. Ада­м­дар ғаламтор желісімен сөй­лескенде шынайы кейпін көр­сетпейді, шынайы сөй­лес­пейді. Өз ойынан бір об­разды ойлап алып, сол образ­ға еніп алып, хат алмаса­ды. Ұл-қыздарымыз бетпе-бет кездескен кезде өмірде бас­қа­ша адам екен деп, аралас­пай кететіндігі де содан шы­ғар. Әрине, біз интернеттен тыс­қары қала алмаймыз ол өмір­дің бір бөлшегіне айналып кетті. Бірақ әлеуметтік же­лі біздің бүкіл әлемі­міз­ді жаулап алуына жол бер­меуіміз қажет. Қандай нәр­сенің болсын өз шегі, өз мөлшері болады, соны дұ­рыс пайдалана білген жөн. Жас ұрпақ бар уақыттарын мони­тор­­дың алдында өткізбей, ау­лаға шығудың, адамдармен ой бөлісудің де өмірде үлкен маңызға ие екендігін түсінсе игі. Исабек СЕЙДУЛЛА, Жетісай қаласының Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Оңтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар