• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2011

Ықпалдастық көрінісі

547 рет
көрсетілді

Кеше Сыртқы істер министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен және Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың қатысуымен Қазақстанға инвестиция тарту және инвестициялық жағдайды жақсарту мәселесі бойынша отырыс болып өтті. Аталған кездесуді өткізу туралы бастама Президент Н.Назарбаевтың жақында Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қатысуымен өткен кеңейтілген отырыс барысында берген тапсырмасын орындау ха­қын­да көтерілген болатын. Осы ке­ңейтілген отырыста Елбасы шет­­ел инвестициясы мен инновациясын елімізге тартуды ұлттық эко­но­микамыздың дамуын қамтамасыз етудегі басты міндеттердің бірі ретінде айқындап берді. Кездесу шеңберінде қаты­су­шылар еліміздің  инвестициялық саясатын дамыту жөнінде бар­лық мүдделі тараптардың тиімді ынтымақтасуын қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық жұмыс тобын құру мәселесін талқыға салды.