• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2011

Сенбілік серпіні

575 рет
көрсетілді

Көпшілік қауымның пікірінше, жасампаздықтың ең басты бейнесі тазалық пен реттілікте анағұрлым шынайы, анағұрлым жарасымды көрінеді. Көзге сүйкімді көрінетін сол бір жасампаздық Астанаға лайықтап айтылғандай десек, ешкімнің де таласы бола қоймас. Сол үшін де елордалық тұрғындар қашанда болмасын бас қаламыздың тазалығына айрықша көңіл бөледі. Өткен аптаның соңында болған жалпықалалық сенбілік те бұл айтқандарымызға толық дәлел бола алады. Сенбілікке елордалық тұр­ғын­дардың бәрі белсенді қа­тыс­ты. Президент Әкімшілігі, «Нұр Отан» ХДП, Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутат­тары, Астана қаласының әкім­дігі бас­таған барлық мемлекеттік органдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, бар­лық сау­да-орындарының қыз­мет­керлері қа­ла­ны абаттандыру, көгал­дан­дыру және санитарлық тазалау жұ­мыс­тарын бір кісідей атқарып шық­ты. Сенбі күні елорда бұ­рын­­ғы­сынан да өзгеше бейнеге еніп, қа­ланың белсенді қоз­ғалыс ырғағы әлде­қайда жылдам жүре бастады. Сенбіліктің ұйымдастырылуы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен Бүкіләлемдік жер күні­не тікелей байланысты. «Жасыл жапырақ – Зелёный лист» ак­ция­сының аясында өткен сенбіліктің республиканың барлық аймақта­рын­да өткізілуінің де өзіндік мәні бар. Астананың тазалығын ғана емес, оның көгалдандыру жұмы­сы­ның да орны өзгеше. Сол үшін де жылдағыдай биыл да ағаш отырғызу дәстүрі өз жалғасын тапты. Мәселен, қаланың Сарай­шық көшесінде Президент Әкім­шілігі, «Нұр Отан» ХДП, Премьер-Министр Кеңсесі, Қор­ша­ған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері, Күйші Дина және №39 көшелерде шетел мемлекеттері елшіліктерінің дипло­мат­тары, «Арай» саябағында – Жоғарғы Сот мүшелері, «Бәй­терек» мо­нументінің алдында – Бас прокуратураның қыз­мет­керлері көшеттер отырғызып, әр аумақ­тың тазалығына өзде­рінше үлес қосты. Ал Астана қаласының әкімдігі болса биылғы тазалау мен абаттандыру жұмыстарын қаланың шет аудандарындағы аймақтардан бастады. Сенбілік пен айлық шеңберінде отыр­ғызуға дайындалған 4307 ағаш пен 25 мың бұталардың басым бөлігін Көктал-1, Көктал-2 сая­бақтары мен аллеяларында және басқа да қала орталы­ғы­нан тысқары жатқан аудандарда егу жоспарланып отыр. Қаланы абаттандыруға шағын және орта бизнес субъектілері қызмет­керлері белсенді қатысып, Астана қаласы әкімдігінің 30 сәуір күні жасыл желек егу жө­ніндегі үндеуіне қолдау көр­сетуі биылғы жылдың басты жаңалығы болды. Осы мақсатта «Астана-Көгал­дан­­ды­ру» АҚ 2240 көшет дайындап қойды. Биылғы елордадағы сенбілікке 80 мыңнан астам адам шықса, 300-ден аса көлік пен өзге де ар­найы техникалар жұ­мыл­ды­рыл­ды. Биылғы тазалық айлығында 190 лас орын мен 1285 текше метр қоқыс шығарылып, жиылған үйінді толығымен жойылуы тиіс. «Алдағы 3-4 жыл ішінде елорда халқы 1 миллиондық межеге жетіп қалуы ықтимал. Біздің елде ішкі миграция өте белсенді жүруде. Жыл сайын қаламызда 50 мыңға жуық адам тұрақты тіркеледі. Бүгінгі таңда елордада 800 мыңнан астам тұрғын бар. Бұл мәселе біз­дің көңілімізді қаладағы, бірінші кезекте, әлеуметтік нысан құ­ры­лыс­тарына үлкен мән беру қажет­ті­гіне аудартады. Былтырғы жыл­д­ың өзінде Астанаға 3 мыңнан астам мектеп жасындағы балалар келген. Сол үшін де мектеп пен балабақшалардың мәселелері бәрінен де бұрын тұруы тиіс. Ал 2020 жылға дейін қалада 38 мектеп салынуы тиіс. Осы бағ­дар­ла­ма шеңберінде біз жұмыс жасап келеміз. Елордада үш аусыммен оқитын мектепер әлі де болса бар. Екі-үш жыл ішінде бұл мәселенің де басы ашылуға тиіс», – деді И. Тасмағамбетов журналистерге берген сұхбатында. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ. Жұлдыз БАЙДІЛДА. ----------------------------- Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.