• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2011

Көрші хақы

467 рет
көрсетілді

Атырау жұртшылығы айтып келмейтін апаттың зардабы қан­дай боларын жақсы біледі. Өңір­де 1993 жылғы көктемде Қызылқоға, Жылыой аудандары су тасқынынан қатты зардап шекті. Сол кезде еліміздің әр түкпірінен көмек келді. Енді сондай апаттың зардабын көрші­лес Батыс Қазақстан облы­сын­да­ғы ағайынның көруі баршаны қи­налтуда. Мұндайда қандай көмек те артық етпейді. Әр мекеме ұжымы, әр отбасы көмек қолын созғысы келеді. Атырау облысының судьялары бір күндік жалақыларын, яғни 750 000 мың теңгені Батыс Қа­зақ­стан облысында ашылған қайырымдылық қорына аудар­ды. Ал облыстық мәслихат де­пу­таттары кезектен тыс сессияда батысқазақстандықтарға 100 миллион теңге көлемінде қар­жылай көмек көрсету жөніндегі ұсынысты қуаттады. Сессияға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәу­ке­новтің айтуынша, Атырау об­лысы тек қаржылай қолдау берумен шектеліп қалмайды. Бұ­ған қоса Батыс Қазақстан облы­сына құрылыс материалдары, жанар-жағармай жіберіледі. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.