• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2011

Азғындық

547 рет
көрсетілді

Масқара! Облыстық прокуратура Асаново орта мектебінде орын алған  бірқатар заңсыздықтарды әшкерелеп, қылмыстық іс қозғады. Олар  интернат тәрбиеленушілеріне қатысты азғындық және зорлау  фактілеріне қатысты болып отыр. Құлақ естіп, көз көрмеген мәселе облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқасында кеңінен талқыланып, орын алған оқиғаға байланысты  Қызылжар аудандық оқу бөлімінің бастығы, мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасары, интернат меңгерушісі, әлеумет­тік педагог, психолог, бірқатар тәрбиешілер жұмыстарымен қош айтысты. Облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Серік Біләлов білім басқармасының бастығы Темірғали Әбілмәжіновтің қызметінен босатылғанын мә­лім­деді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.