• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2011

«Беу, қыздар-ай!..»

725 рет
көрсетілді

ПЬЕСАСЫНЫҢ ПРОТОТИПІ БОЛҒАН ЖАН ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС Зылиха Тамшыбаева! Ол кісі тіршілігінде сыйлы болып, бақуатты өмір сүрді. Балалық ша­ғы сұрапыл соғыстың өртіне дөп келген қаршадай ғана қа­зақтың қара қызының өмірі өзгелерден өзгеше емес те еді. «Тек құдай сана берсін» демекші, анасынан ерте айырылған жас өскіннің бұл пәнидегі қайсар­лығы, ана орнына ана да болған әке­сінің айтқанын зердесіне тоқып, өмірдегі бар қиындықты жеңе білгендігі ғана еді оның өзгешелігі. Бұған бір мысалды Зылиха апайдың өзі айтқан әңгімесінен келтіруге болады. «Бір күні қарным ашып, әкеме қыңқылдай бастап едім, ол кісі: «Қарны ашқан баланың ата­сымен әңгіме­сін айтып берейін бе?» деді. Мен үн­сіз басымды изедім. «Ата бұл жоқ­шылыққа қан­ша төземіз?» деп сұрапты бала. «Қырық күн тө­земіз». «Ал, одан соң ше?» «Одан кейін дағ­ды­­ла­нып кетеміз», депті атасы. «Со­н­дықтан сен де шыда», – деді әкем күрсініп». «Осы әңгімеден соң, шыдауға, қарным ашты деп қыңқылда­мау­ға тырыстым, – дейтін Зылиха апай. – Асқар таудай әкем маған байлық қалдырған жоқ. Елден ерек жағдай да жасамады. Әкем маған үлкен жүрек, ерге тән қажыр-қайрат берді. Сүрінсем, сүйеу бола білді. Жеңіске жетсем сүйсіне, қолпаштай білді». Мектеп бітіріп, алғашқы үл­кен еңбекке араласқан жыл­дары Кеңес өкіметінің: «Тың игерілді. Ендігі екінші тың – мал шаруа­шылығын өркендету», деген 1956 жылғы талабына дәл келді. Зы­лиха апайдың туып-өскен, ең­бек етіп жүрген жері Шоқан Уәли­ханов атындағы колхоз еді. Оның сол кездегі комсомол ұйы­мының хатшысы болып, жеке белсенділігімен Гвардия ауданы­ның (қазіргі Кербұлақ) жастарына үндеу тас­тауы облысқа атын танытып, жас қызды жаңа қырынан көрсетті. Иә, Зылиханың құрбыларын, ал Төленді Сарыбаевтың (бүгінгі Кербұлақ ауданы ақсақалдар ал­қасының төрағасы) ұлдарды бастап мал фермаларына жол салған ісі бүкіл республикамызға үлгі болып еді. Көршілес Доланалы ауылынан бүгінгі қазақтың жез­таңдай әншісі Нұрғали Нүсіп­жанов ағамыз Зылиха Тамшы­баеваның үндеуіне үн қосқан азамат болатын. Олар үшін кезінде еліміздің театр сахна­лары­нан түспеген «Беу, қыз­дар-ай» спектаклі жазылған еді. Сондағы басты кейіпкер Айсұлу Асанова – Зылиха Тамшыбаева­ның, ал ақын Әубәкір Ақтаев Төленді Сары­баевтың прототиптері болатын. Зылиха Жанболатқызының өмі­рінде, еңбек жолдарында Алла­ның берген бағы болар үнемі жақсы, зиялы адамдар кездесті. Солар­дың ең алғашқысы колхоз басты­ғы Игібай Базарбаев ақсақал еді. Атақты би, батыр, әулие Балпық Деріпсалыұлының аталас туысы­ның ұрпағы, соғыс мүгедегі ол кісі Жеңістен соң аудандық атқару комитетінің төрағасы болған. 1959 жылы Шоқан Уәлиханов­тың моласын тауып (оған дейін Шоқанның сүйегі Сырымбетке жерленген деп жүрген), республика Ғылым акдемиясына ба­рып дәлелдеп, ұлы ғалымға ескерткіш орнатуға және сол ауыл­да мемориалдық мұра­жай аш­тыруға мұрындық болған адам. Осы Игібай Базарбаев 1953 жылдан Шоқан Уәли­ханов атын­дағы колхоздың басқарма төр­аға­сы болып, Зылиха Жан­болат­қы­зы­на үне­мі қамқорлық жасап, жолын ашқан, батасын берген айтулы тұлға. Сол кісінің ша­рапаты болар, Зықаң жалын­даған жас шағында, яғни 23 жасында Қа­зақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болды. Бұл 1959 жы­лы еді. Одан кейіндері Гвар­дия, Көксу аудандық ат­қару комитеттері төрағасы­ның орын­­басары, 1970 жылдан Ең­бекші совхозы партия ұйы­мы­ның хатшысы, одан кейін ди­рек­торы болып өмі­рінің соңы­на дейін еңбек ет­ті. Осы еңбек жо­лын­да Зы­қаң дала академигі атан­ған Нұрмолда Алдабер­генов, Жетісудің жам­по­зы Жыл­қайдар Егін­баев, республика агрокә­сіп­шілер одағы­ның ал­ғашқы да соң­ғы төрағасы Көш­­­кін­бай Жа­натов, хал­қы­мыз­дың мақ­та­ны­шы­на айналған біртуар ұл­дары Дінмұхаммед Қо­наев, Бәй­кен Әшімов, елі­міз­дің Тұң­ғыш Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев сынды тұл­ға­лармен арала­сып, олар­дың ақыл-ке­ңестерін алып, өмір жо­лында шыңдала түс­ті. Өнді­рістен қол үзбей жо­ғары білім алып, Алматы мал­дәрі­герлік инсти­ту­тын да бітірді. Зықаң өмірде сонымен қа­тар отбасы бақытын да тап­қан жан. Отағасы Тоқсанбай ақса­қа­лды қатты қадірлейтін. Жал­пы, ол кісі ер-азаматтарды өте құрмет­тейтін. Өмірдегі ең бірінші қуа­нышы – қызы Сағи­раның өмір­лік жары, ай­ту­лы азамат Серік Әбдірах­манов­тың бірде: «Күйеу бала­сы болсам да, ал­дымнан кесе көлде­нең өт­пей­тін», деп ағы­нан жа­рыл­ғаны бар. Бұл ер-азамат­тар­ға деген нәзік жанды әйел­дің құрметі емес пе. Құдай­ға тәубе! Зы­қаң­ның ұл­дары Рұм­ға, қыздары Қырымға шарық­та­­ған бақытты жандар. Немере, шө­бе­релерінің де қы­зығын көріп кетті. Сансызбай ШОЛПАНҚҰЛҰЛЫ. Талдықорған.