«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұжымы дәстүрлі сенбілікке шықты
Алтайдан Атырауға дейінгі құс қанаты талатын 14 мың шақырымдық магистральды желінің бойындағы теміржолшылар қауымы бір атаның баласындай ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты. Ондағы мақсат – қыс бойы қасат қардың астында қалып, күн көтеріле айналаға онша әр бере қоймайтын күл-қоқыстардан арылу.
Астана қаласындағы төрт мыңнан астам, аймақтардағы жол бөлімшелеріндегі ондаған мың теміржолшылар сенбі күні кәсіпорын аумақтарын тазалады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты қызметкерлері мен филиалдарының қызметкерлері әуежайға шығатын жол бойында жұмыс істеді.
Астанадағы ауа райының салқындығына қарамастан теміржолшылар жол жиегіндегі орман алқаптары мен шөптесін өсімдіктерді былтырдан бері жиналып қалған жапырақтардан аршыды.
Қызметкерлерге арналған «далалық асхана» ыстық шай мен дәмді тағамдарды жеткізді.
Ескендір ЕРТАЙ.
Астана.