• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2011

Ақсайдағы астыртын ойын

328 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шараларын өткізу барысында Ақсай қаласының  орталығында орналасқан екі қабатты ғимараттан заңсыз жұмыс істеп келген құмар ойын мекемесін анықтады. Тексеру барысында ойын залынан  «Русская рулетка» деген жазуы бар бес дана ойын автоматы және ойын барысында жиналған ұтыс ақшалары табылып, тәркіленді. Іс-шараны жүзеге асыру сәтінде залда құмар ойынға бастары айналған бес адам болған. Бұл ойын залының иесі Ақсай қаласының А. есімді 20 жасар тұрғыны болып шықты. 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енген «Ойын бизнесі» туралы заңды аталған тұлға өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен осылайша бұзып келген. Енді заңды белінен басып, осы уақытқа дейін ойындағысын жүзеге асырып келген жүгірмек қатаң жауапкершілікке тартылатын болады. Фатихолла МАШТАҚОВ, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.