27-28 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер парламенттерінің төрағалары қатысады.
Айта кету керек, 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 8-ші саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан президенттері қатысты. Осы саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын.
«Егемен-ақпарат».