• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2011

Сүйінбай, Жамбыл ...жері осы!... немесе өмірі-өлең, еңбегі ерен елдегі жасампаз істер жалғасын табуда

896 рет
көрсетілді

Алты алаштың ұрпағы тәу етіп, асқақ рухына бас иетін Қы­зырлы  ел –  Жамбыл ауданы­ның та­рихы тым әріден бастала­ды. Ба­тырлар мен ақындардың, жайсаң­дар­дың мекені атанып, халықтан бағасын алған аймақ­тың тыныс-тіршілігі жайлы жазу үшін аудан әкімдігіне келгенімізде, әкімнің бас­қа қызметке ауысып, жаңа бас­шы тағайын­дал­ғанының үстінен шық­тық. Бұ­ған дейін хабар­лан­ғанындай, аудан әкімі болған Махаббат Бигелдиев Талдықорған қа­ласына, Жамбыл ауданына Бин­әлі Ысқақ әкім болып тағайын­дал­ды. Мұ­ны «Жақсы қонақ келсе, қой егіз туады» деген тәмсіл­мен бай­ла­ныстыруға тура келді.  Жұмы­сымызды аймақтың өткені мен бүгінгі дамуына байланысты жалғастырдық. Тарихты таратып айтсақ, 1928 жылы Қастек ауданы деп аталып, алғашқы іргетасы қаланыпты. Кейіннен 1938 жылы ауданға жыр алыбы Жамбыл есімі беріледі. Осы киелі мекеннен бүгінде есімі ұранға айналған Қарасай батыр мен Нау­рызбайдан бастап, баһа­дүр  бабалармен бірге Сүйінбай мен Жам­был жыр төгіп, халқына рухани бай мұра қалдырғаны ба­сы ашық әңгіме. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асы­руға ұмтылған жамбылдық­тар әлеуметтік, экономикалық жә­не ру­хани салада айтарлық­тай та­быс­­тарға қол жеткізіп келеді. Соңғы жылдары индус­триялық-иннова­ция­лық жобалар қолға алынып, өнеркәсіп өндірі­сі қалыпты даму үстінде. Нәти­жесінде халықтың әлеу­меттік-тұрмыстық жағдайы жақ­сарды. Өткен жылы өнеркәсіп саласын­да өнім өндіру көлемі 5 млрд. 156 млн. теңгені құрапты. Мемлекеттік бағдарлама аясында аудан аумағында «Таском» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі­нің табиғи тастарды өңдеу зауы­ты іске қосылса,  гранит өңдеу зауыты аудан экономикасына өзін­дік үлесін қосып отыр. Жолдауда атап көрсетілген Балқаш жылу электр станса­сы­ның құрылысы да басталды. Бүгінгі күні мұндағы магистрал­ды ауызсу жүйесі, теміржол то­ра­бының кірме жолдары салыну үстінде. «Жол кар­тасы» бағдар­ламасымен 1021 адам жұмысқа орналастырылып, 85 адам кәсіп­тік дайындыққа жіберілгені де жұмыссыздық мәсе­ле­сі оң шешімін тапқанының дәлелі. Аудан негізінен ауыл шаруа­шы­лығымен айналысады. Өткен жылы салада 11 млрд. 809 млн.теңгенің өнімі шығарылыпты. Мемлекеттен ауыл шаруашылы­ғын қолдауға 177 млн. теңге қар­жы бөлінген. Шаруа қожа­лық­тарына жанар-жағармай, ты­ңайт­қыш құнын арзандату, тұ­қым шаруашылығына қолдау көр­сету, атқарылатын қызмет­тер­ді субсидиялау, мал шаруа­шы­лығын да­мы­тып, өнімділігін арттыру, мал­дәрігерлік шаралар, ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры­нан тұрмысы төмен отбасылары­ның жеке шаруашы­лықтарын да­мытуына шағын несие бағыттау шаралары қаржы­лан­дырылған. Гек­тар берекелілігін арттыру нә­тижесінде 29500 гектарға күздік,  18400 гектар жаз­дық дәнді дақыл, 740 гек­тарға техникалық дақыл­дар егіліп, көктемнің әр күні тиімді пайдаланылуда. Биылғы жыл­дың астығы есебіне 29 510 гек­тарға күздік бидай себілсе, оның шығымы да көңілдегідей. Мал шаруашылығын дамыту, өнімділігін арттыру бағытында да іргелі істер өмірге келсе, мал басын өз төлі есебінен өсіру ар­қылы табыс толыға түскен. Ша­руашылықтарда 17748 тонна ет, 37890 тонна сүт, 8 млн. 536 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тұ­тынушыға жеткізу мәселесі ше­ші­мін тапқанын көруге болады. Азық-түлік молшылығын жа­сау және оның қауіпсіздігін ны­ғай­ту арқылы халыққа арналған арзан бағадағы тауарлар өндірі­лу­де. Қолжетімді  көкөніспен жыл бойы қамтамасыз ететін жылы­жай салуға ден қойылды.  Мәсе­лен, арзан көкөніспен тұтыну­шы­ны жыл бойы қамтамасыз ететін Қарақыстақ ауылында 10 гектарға 50 жылыжай салынып, алғашқы өнім тұтыну­шыға жөнелтілмекші. Ал, Жамбыл ауылында 2 гектарға осындай кешен салу жұмысы басталған. Ол үшін өмір арқауымен қам­тамыз етудің жаңашыл арналарын байырғы қазына қайнарларымен білгірлікпен ұштастыруға ұмты­лу­да. Орайы келгенде, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың туған Отанға қалт­қы­сыз қызмет ету жөніндегі ұлағатты ұстанымына нақты іспен жауап беруді мақсат еткен аудан жұртшы­лығының еңбегін ерекше атап айт­сақ,  артық болмас. Елбасы биыл­ғы сайлауалды бағдарламасында «патриотизм» деп аталатын қасиетті қағидатқа қысқа да нұсқа сипаттама берді. Соған да сай егемен елінің алдындағы перзенттік парызын қа­лай өтеп келе жатқаны және алда­ғы кезеңге арналған тұлғалы асыл мұраттары туралы жүрек қылын шерткен  шежірелі жан толқы­ны­сын жайып салған болатын. Оны аудан халқы қызу қолдауда. Бәлкім, «Аңсары бардың – ай­тары бар» демекші, 140 мыңға жуық тұрғыны бар киелі Жамбыл елінің 60 мыңға тарта сайлау­шы­лары мерейі үстем мемлекетіміздің біртуар Президентін бірауыздан қол­дап, дауыс беруі де осынау  ынты­мақтың үлгісі деп бағалаған жөн. Жерұйық мекенді жайлаған жай­саң  жандардың жыл өткен са­йын жаңа қырынан жарқырап, туған өлкеге туын тігуге жұдырық­тай жұмыла атсалысып жүргенді­гіне толып жатқан дәйекті дәлел келтіруге болады. Сондықтан да дана саясаткердің баламасыз бағдар­ла­маларын басшылыққа алу бары­сында бойтұмардай әспеттейтін қанатты сөздерді де әрдайым жүрек түпкірінде сыр ғып сақтап жүре­тін­діктерін аңғару қиын емес. Мәсе­лен, «Арғымақ атқа міндім деп, Ата-жұртыңды ұмытпа», немесе «Қа­зақтың бүкіл тарихы – бірігу та­рихы» деген тәрізді, сондай-ақ дініміз бен діліміз, ана тіліміздің  дін амандығымен қатар данышпан  Абай­­дың айдын-шалқар  өркениет әлемінен,  халықтың ауыз әдебиеті­нің сарқылмас кәусарларынан су­сындау қажеттігі жайлы көсем сөз­д­ері мен көркем ойлары қаншама десеңізші! Иә, «Гүл өскен жерге-гүл өседі» деген. Шынында да, ұлы қайрат­кер­лігімен, шешендігімен, кемел келешекті болжай білетін көсемдігімен әлемді аузына қаратқан Мемлекет басшысының ата-бабаларының кіндік қаны тамған Сүйінбай, Жамбыл жерінің қадір-қасиеті жайлы қалай айтса да жарасады. Жиделібай­сын­дай Жетісу аймағының асқақ Алатау атырабында ерлік пен өрліктің, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің алтын жылғасы лайықты  жалғасын табуда. «Сабақты ине – сәтімен» демекші, бүгінгі оңтайлы тұста тұмарлы жәдігерлеріміздің «бренді» есептелетін ерекше тіркестерді ауызға алуымның себебі осы. Себебі, жыр жампозының сұлу да сұсты Суық­төбенің қойнауы алтын кенішіне бай екенін ескертіп, сұңғыла суреткер Мұхтар Әуезов айрықша таңданған табиғаттың әлі де түгін тартсақ, майы тамшылап тұрғаны ақиқат. Киелі мекенде төрт түліктің түгел өсіріліп, шыбық шаншысаң, тал-терегі жайқалып-жайнайтыны, ас  атасы асыл нанымыздың алтын өзегі – арпа-бидайдың баданадай бас алатыны, дәмі тіл үйірген Алматы апорты мен өрік-мейізінің мәуелеп, тіпті бабын тапсаңыз, грек жаңғағының да бүр жарып, шыға келетіні бұлтартпас куә. Оны әр көшедегі көктемде жапырақ жайып, гүлдеген бақтар дәлелелдейді. Сонымен,  құшағы құтты өріс­ке, қойнауы кенішке, ел іші өнер-білімге, дархан даламыз бен заңғар таулардың жасампаз азаматтары қол жеткізген толағай табыстары­ның еңбек дастанына асыл арқау болатыны айдан анық. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың жиырма жылы» деп аталған тәуелсіздігі­міз­дің биылғы мерекесіне де ұлы Жәкеңнің ұрпақтары мерейлі тартулармен келу үшін ұлағатты алғы шарттар қалаған екен. Атап айт­қанда, бұл жыл «Қазақ­стан-2030» Стратегиялық бағдарла­ма­сын ой­да­ғы­дай орындаудың бедерлі белесі саналған. «Қазақ­стан-2020» атты Үкі­мет бағдарла­ма­сын жүзеге асы­ру­ға қазірдің өзін­де лайықты үлес қосыла бас­таған. Яғни, ең алдымен Елбасы тапсырмасындағы экономи­ка­лық өрлеу, индустриялық-инно­вация­лық технология, білім мен денсау­лық сақтау, әлеуметтік - мәдени, рухани салаларға барынша басымдық беру арқылы кемелді келешегімізге батыл қадамдар жасалуда. Әрине, ол үшін Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалай­мыз!» атты Жол­дауын басшылыққа алудың берік негізі қаланумен қа­тар, бұл үрдіс нақты жұмыс­тармен жалғасқаны көңілге қуаныш нұрын құяды. Ауданның жетекші саласы мал және егін шаруашылықтарына ша­ғын шолу жасап, егемендік жыл­да­рында өркен жайған өзекті сала­ларға да салыстырмалы түрде тоқ­тал­ған жөн. Бұдан бірер жыл ғана бұрын аудан бюджеті мардымсыз десек, биыл оның көлемін 3 еселеп арттыру көзделіп отыр. Әрине, мұндай қарқынды көрсеткішке қол жеткізу оңай емес. Ол үшін, іскер де білікті, ұйымдастыру қабілеті басым, айналасын шарапатты шара­ларға қатыстыра алатын, ынталы кадрлар мен жалпы жұртшылықты жаңашылдыққа бастап әкететін, елін, жерін, ең ақырында ұлы Ота­нын жанындай сүйетін патриот, елжанды азаматтар тәрбиелеу – басты мақсат. Міне, осы тұрғыдан алғанда, Жамбыл ауданының перзенті  Серік  Үмбетовтің жөні бөлек. Себебі, ол ұзақ жылдар бойы Мемлекет бас­шы­сының  тағылымды тәрбиесінен үлгі алып, өзіне тапсырылған қыз­меттерді мінсіз атқарды. Өңір экономикасының дамуына қол жеткізіп, жер жәннаты Жетісу қай жағынан болса да гүлденді. Өңір экономикасы серпінді да­мып, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарған үстіне жақсара түсті. Біздіңше, мұның бәрі шаруашы­лық­тың барлық саласын үйлесімді жүргізумен қатар, ішкі және сыртқы инвестиция тартуды жолға қоюдың жемісі дер едік. Өткен жылы аудан қазынасына 17 млрд. 476 млн. теңге инвестиция құйы­лыпты. Соның нәтижесінде 2010 жылы салық түсімі 2 млрд. теңге­ден анағұрлым асқан. Барлығы 4 млрд. 430 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліпті. Есепті кезеңде 50-ге жуық отбасы қоныс той қуанышына бөленді. Мұның бәріне мұрындық болған заңды және жеке тұлғалар жалпы көлемі 170 млн. теңгелік дәріханалар, дүкендер, ойын-сауық отаулары, кеңселер және қасапхана алаң­дары, тағы басқа  әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуіне ұйытқы болды. Жасыратыны жоқ, жиырма­сыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқырау сал­дары­нан көптеген елді мекендер­дің ауызсу құбырлары мен кәріз­дік жүйелері тозып, мүшкіл халге душар болған-ды. «Жол картасы» аясында инфрақұрылым құрылыс­тары көз қуантарлықтай тұрпатқа ие болуда. Ондаған елді мекендердегі тас жолдар қайта жөнделіп, «көгілдір отынның» қуатты қызуы­на жұртшылықтың кенелгені. Осындайда нұротандықтардың «Атқарылған істер аз емес. Бірге жалғастырайық!» дегені сәт сайын еске түседі. Ұзынағаш ауылының ажар-көркі соңғы жылдары танымастай өзгеріп, сәулеттенді. Аудандық мәдениет үйінің алаңы, Жамбыл ескерткішінің аллеясы көркем келбетімен көз қуантып, қалың бұқараның сүйікті демалыс мекеніне айналған. Ал, тоғыз жылдың торабындағы аспанмен тілдескен «Бейбітшілік пен Ынтымақ» монументі арайлы ауылдың шыра­йын арттыра түскен. Аудандық орталық кітапхана, жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарла­малар бөлімі, аудандық газет ре­дакциясының ғимараттары, мә­дениет үйінің жатақханасы, орта­лық стадион, Халық банкі бөлім­ше­сінің кеңсесі күрделі жөн­деу­ден өткізіліп, осы заманғы сәулет сәнділігінің шуағына бөленді. Халықтың рухани жан-дү­ниесін байыту, ел ішіндегі өнерлі­лердің көзін ашу мақсатында да жұмыс жалғасуда. 30 жыл бұрын құрылып, кезінде дүрілдеген да­ры­нымен шартарапқа танылғаны­мен, кейіннен ұмытыла бастаған «Құлансаз» халықтық фольклор­лық-этнографиялық ән-би ансамблі қайта түледі. Көрерменімен екінші мәрте қауышқан өнер ұжы­мы қысқа уақытта орындаушылық шеберлігімен көзге түсті. Олай дейтініміз, ансамбльдің концертін та­ма­шалаған Елбасы ұжымды Ас­та­наға арнайы шақыртқан еді. Осы­лайша, Конгресс Холлдағы, Ал­маты Студенттер сарайындағы, Тал­ды­қор­ған қаласының «Жастар» спорт сарайындағы концерттер көрермен­нің көзайымына ай­нал­ды. Ең бас­ты­сы, репертуар­ларына Жам­был ау­данының ақын­дары мен сазгер­лері­нің туған өлке туралы, өткен ғасыр­лардың ба­тыр­лары мен ақын­дары жайлы жазған тың туын­дыла­рын арқау еткен өнер ұжы­мы өзге әріптес­терін қайталамайтын дербес қолтаңбаларымен ерекшеленеді. Ансамбль мүшелері Алматы облысының Корея мемлекетіндегі мәдени күндері аясында шығарма­шылық сапарын сәтті қорытын­ды­лады. Ал, қайта құлпырған «Құ­лансаз» ансамблі ресми түрде Ал­ма­ты облыстық Сүйінбай атын­дағы филармониясының бөлім­шесі ретінде тіркеліп, іргелі шы­ғар­ма­шы­лық шаңыраққа айналып шыға келді.  Иә, «Өнерлі елде бақ тұрар, Қайратты ерде мал тұрар» деп жыр сүлейі Сүйінбай баба жырлаған­дай, тамыры – терең, өмі­рі – өлең, еңбегі ерен Сүйінбай, Жамбыл жері осы... деп әр күндерін думан­датқан жамбыл­дықтардың ертеңге деген сенімдері нық. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. Суреттерде : Жамбыл ауда­ны­­ның жаңа әкімі Бинәлі Ыс­қақ қыз­метін Ұлы Отан соғысы құр­бан­дарына арналған ескерткішке тағ­зым етуден бастады; Аудан­дық кі­тап­хананың ұжы­мы алда­ғы жұ­мыс­тар жайлы әңгімелесуде.