• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2011

Ардагерлер пойызбен бір ай тегін жүреді

433 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүге­дек­те­рі­не пойызда тегін жүруге жағдай жасау­ға шешім қабылдады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай 2011 жылғы мамырдың 1-30 аралығында Ұлы Отан со­ғысы ардагерлері мен мүгедек­теріне жо­лау­шылар пойыздарында тегін жүруге мүмкіндік әперу акциясын ұй­ымдас­тырып отыр. Соғыс ардагерлері мен мүгедектері бір ай бойы Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында тегін жүре алады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығы елдеріне шыққан сапарларында олар бару-қайту билеттерін бірге ресімдеуі тиіс. Мерекелік акция аясында ардагерлер бару-қайту нүктелеріне дейін пойыз­дар­дың барлық категориялары мен бағдар­ларында, сонымен қатар қалааралық по­йыз­дарда да купелік вагондарымен жүреді. Атап өту керек, бұл акция «Таль­го» по­йызымен жүруге ықпал етпейді. Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өздерімен бірге жеке куәліктері, Ұлы Отан соғысы ардагері немесе мүгедегі туралы куәлі­гінің түп­нұсқасы мен көшірмесі болуы тиіс. Акция өткізу тұрғысындағы барлық ақпараттарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың темір жол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін 105-ші анықтама телефондарынан алуға  болады. Ескендір ЕРТАЙ. Астана.