• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2011

Өңірдегі айтулы рөліміз аталды

299 рет
көрсетілді

27 сәуірде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблея­сы­ның (Түрк ПА) Астанада өтіп жатқан ІІ жалпы отырысы ая­сында Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төр­ағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Мәми Қазақстан мен Түр­кия арасындағы екіжақты қаты­нас­тарды нығайтудағы осы са­пардың маңызын атап өтіп, тарихи тамыры ортақ екі мемлекеттің арасындағы стратегиялық әріп­тес­тіктің қар­қынды дамып келе жат­қанына қанағаттанғандық білдірді. Қ.Мәми түркі әлеміндегі эко­но­микалық, саяси және рухани ық­палдастықты тереңдетудегі Қа­зақстан мен Түркияның ма­ңыз­ды рөлін атап көрсетті. Биыл­ғы қазан айында Қазақстанда Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық ке­ңе­сінің (Түркі кеңесі) алғашқы саммитін өткізу жоспарлануда. – «Біздің еліміз бұл оқиғаға ерек­ше мән беріп отыр», – деді Қ.Мәми. Сенат Төрағасы Түрк ПА қызметіне жан-жақты қолдау білдіретінін және Қазақстан бауыр­лас халықтар арасындағы байла­ныс­тарды нығайту жөніндегі уағ­далас­тықтарды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарды жүргізуге әзір еке­нін айтты. Ол сондай-ақ ТҮРКСОЙ аясындағы мәдени-гу­ма­нитарлық жобаларды іске асы­ру­дың келешегі зор екенін атап өтті. Биылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясы болады. Төраға айтқандай, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету барысында халық­ара­лық және аймақтық қауіпсіз­дік­ті нығайту, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды да­мыту жұмыстарын жалғастырады. Түркия Ұлы Ұлттық Жина­лы­сының Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қа­зақстан қол жеткізген та­быс­тар­ды жоғары бағалай келіп, біз­дің еліміз­дің Орталық Азия ай­ма­ғындағы жетекші рөлін атап өтті. М.Шахиннің айтуынша, мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлау қорытындысы Елбасының саясаты Қазақстан халқының ба­сым қолдауына ие екендігін тағы бір көрсетті. Қ.Мәми, сондай-ақ Әзірбайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен де кездесті.