• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Қазақстанға жаңа толқынның технократтары керек

341 рет
көрсетілді

Осы арада бірден мәлімдей кету қажет. Мұнан былайғы жерде Алатау  Ақпараттық технологиялар паркінің негізінде   Инно­ва­циялық технологиялар паркі құ­рылмақ екен. Байқағанға, бү­гін­де бүкіл әлемде ғылыми-өн­дірістік кешендер, ондағы ғы­лы­ми-зерттеу орталықтары, білім мекемелері, инновациялық компаниялар мен жоғары техноло­гия­лық өндірістер бір жерде шо­ғырланған. Мәселен, оны Ресей Сколковода құрып жатса, Украина да өзінің инноқаласының ір­ге­тасын қалауда. Бұлар мемле­кет­тердің «миы» сияқты кенттер болып табылады. Қазақстан да бұл бағытта құ­р­алақан емес. Ендігі жерде елі­міздің ғылыми-технологиялық әлеуе­тінің артуына алғашқы кезектегі кешендер қатарында Назарбаев Университеті мен осы Инновациялық технологиялар паркі ілінеді. Әу баста, Ақпарат­тық технологиялар паркі болып құрылған бұл кешеннің келешегіне мемлекетіміз аз иек артып отыр­ған жоқ. Оның үстіне осы «Ақылды қалашықтың» құрылы­сы­на да айтарлықтай қаражат бөлінді. Сондықтан да, жаңа ин­нова­ция­лық саясаттағы серпілістер мен шамшыл мақсат­тар­дың негізі осы жерде қалануы тиіс. Сонымен, алдымен Елбасы­ның назарына  Алатау ақпарат­тық технологиялар паркі ашық эко­номикалық аймағындағы жобалар   ұсынылды. Инновация­лық жобалар көрмесіне барлығы 74 инновациялық жоба қойылған екен. Стендтер төрт бағытқа бө­лінген: ғылыми-зерттеу инсти­тут­­тары, ірі бизнес, ұлттық компаниялар мен мұнай өндірушілер, сонымен қатар, шағын және орта бизнес. Бірден бүркеме­ле­мей айта кеткен жөн,  ұсынылған  жо­ба­лардың бәрі бірден Елба­сы­ның көңілінен шықпады. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы жеке тоқ­та­лып, кейбір инновациялық жаңа­лықтар бұған дейін көр­се­тіл­генін көлденең тартты. – Инновациялық елдердің ал­ғаш­қы тобына қосылу үшін бізге қазірден бастап отандық иннова­ция­лық даму базасын жасау керек. Бізге инноваторлар мен креативті ойлай білетін қызметкерлер қажет. Барлық категориядағы: жо­ғары, атқарушы орта және тө­менгі кәсіби-техникалық маман­дар­ды дайындауымыз қажет. Елімізде 20 интеллектуалды мектеп ашылды. Соның түлектері халық­аралық беделді оқу орын­дары­ның студенттері атанулары тиіс. Елі­міздің жоғары оқу орындары да өз деңгейлерін көтереді деген ой­дамын, – деді Мемлекет бас­шысы. – Дүниежүзілік эконо­микалық форумның есебі және ақпа­рат­тық-технология бойынша Қазақ­стан – ТМД елдерінде көшбас­шы. Бұл саладағы жұмыс әлі де жүйелендіруді және  қол­дауды қа­жет етеді. Бізде инновацияға бө­лінген қаражат жоғары техно­ло­гиялық дамыған елдермен салыс­тыр­ғанда 10 есе төмен. Қазақ­стан­да ғылым осы уақытқа дейін өзіне өзі жұмыс істеп келді. Мұны тоқтату керек. Таяу жыл­дары әлем инновация бойынша 3 топқа бөлінеді. Әри­не, біз де бірінші топқа кіруді қалаймыз. Бұл істе аутсайдерлер аз болмайды. Егер біз қазірден бастап жақсы жұмыс істесек, бірінші топқа кіруге мүмкіндігіміз бар. Елбасы бірінші топқа кіру үшін қазір бізге инновациялық дамуда өз базамызды жасау қа­жеттігін алға тарта келіп: – Бұл салада ең алдымен ин­новаторларды дайындауымыз керек. Кәсіби  маман дайындау біз­дің негізгі міндетіміз болуға тиіс.  Инновация техника мен технология ғана емес, сонымен қатар, бас­қару да болып табы­лады, – деді. Осы орайда, Президент Қазақ­стан «инновацияны мемлекеттік стратегиялық міндет деп белгілегенін» қаперге салды.Соңғы 2 жылда елімізде ин­новациялық қызметті дамытудың құқықтық-нормативтік базасы жа­салды. «Ғылым туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазір инно­ва­циялық қызметті қолдауға деген  көзқарас өзгеруде. Сәйкес ин­фра­құ­рылымдар құрылды. Мәсе­лен, 9 технопарк, 5 ұлттық ор­талық зертхана, 15 аймақтық зертхана жұмыс істеп тұр. Қазір әр об­лыстық университеттің зерт­ха­на­сы бар. Осыған қара­май, заманға ілесудің тағы бір тетігі  ретінде Елбасы әрбір ұлт­тық компанияда, әрбір кәсіп­орын мен зауытта  ғы­лыми-зерт­теу институты болуы керектігін ұсынып отыр. – Мемлекеттік ғылыми инс­ти­тут­тардың тиімділігін артты­руы­мыз қажет. Бізде 1500-2000 өнер­та­быстық жаңалыққа патент алу­ға  өтініш түседі екен. Бұл сан біз үшін өте аз. Бүгін инно­вациялық көрмеде ұсынылған 74 жобаның жартысы нағыз инновация емес. Барлық салада жұ­мыс жасауы­мыз керек. Оған  әлі уақыт бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ел­ба­сының айтуынша,  келешегі зор мамандарға қомақты және ұзақ мерзімдік грант беруді   ойлас­ты­ру керек. Ол үшін үздік иннова­торларды анықтап, Президенттік абсолюттік инноваторлар клубын ынталандыру және қолдап отыру парыз. Оны қазір-ақ жасауға бо­лады. Әрбір ұлттық компанияда, кәсіпорын, зауытта   ғылыми-зерт­теу институты бо­луы керек. Оған олар  қаржы бөлуі тиіс. Шетел  инвесторлары кеңесі жұмыс істеп келеді. Табиғатты пайдаланушылар мен ірі бизнес және ұлттық  ком­панияларды инновацияны қар­жы­ландыруға тарту керек. Ұлт­тық компаниялар   өздерінің ин­но­вациялық даму жоспарларын жасап, Үкіметпен келісуі қажет. Инновацияны дамыту қазақ­стан­дық қамтуды ұлғайтуға ықпал етуі тиіс. Үкімет инновациялық қызметтің тәуекелдік сипатын ескере отырып, оңтайлы заңдық ұйымдастыру үлгісін жасағаны жөн. Сондықтан, инновациялық дамудың ұзақ мерзімді, мақсатты стратегиясы керек. Бұл жерде мүлт кетпеуге тиіспіз. – Көздеген мақсатқа жету үшін, – деді Елбасы, – әлі талай шаруа істеу қажет. Себебі, біздің қазіргі орнымыз талайдан ілгері болғанмен, алдымызда да үлгі тұтып, бой түзер қаншама ел бар. Атқарушы билік ғылым мен өн­дірістің басын бір қазанға сый­ғызып, өз өндірістеріміздің өз ғы­лымымызға беретін тапсырысын көбейтуге жұмыс істесін. Бұл ретте басымдық берілуі қажет ин­новациялық бағыттар нақты­лануы тиіс. Қазір әлемде ақша мен инвестицияға талас екінші орынға сырғыды. Тартыс ақыл мен білім, технология үшін жүріп жатыр. Жыл сайын ғылыми-инженерлік салада Қытай 500 мың, Оңтүстік Корея 200 мың маман даярлап шығарады. Ал бізде осы саладан шығатын азды-көпті түлектеріміздің үштен бірі ғана сол мамандықтар бойынша кә­сіп­ке бет бұрады. Сондықтан, қа­зақтың кәсіби мамандарын ба­рын­ша қолдау керек. Баяғы Сингапурде болған «қасқа бастар» бағдарламасы секілді шетелдің білікті ғалымдары келемін десе, оларды да мейлінше қолдау керек. Бұл бағытта қозғалыс бар, тек сол тоқырап қалмасын. Елбасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне   инно­ва­цияны ынталандыру мен қол­даудың халықаралық тәжірибесін мұқият зерттеуге тапсырма берді. Сондай-ақ, трансұлттық корпо­ра­цияларды шикізаттық емес сек­торға  тартуды оңтайландыру  жайын айтты. Қазір әлемде тіркелген патенттердің 80 пайызы трансұлттық корпорациялардың үлесіне тиеді. Жоғары ғылыми технологияларды қаржыландыру­да да олардың үлесі 80 пайыздан асады. Сингапурда 7 мыңнан астам трансұлттық корпорация ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстанда олардың үлесі жоқ. Қазақстан әлемдік рынокта өзінің лайықты орнын алуы қа­жет. Оны іске асыру үшін Президент 4 бағыт ұсынып отыр. Біріншіден, ғылыми-зерттеу базалары мен инновацияларды басқару жүйесін модернизациялау. Екінші – жер қойнауын пайд­аланушы ірі бизнес пен ұлттық компа­ния­ларды инновацияларды қаржы­лан­дыруға тарту. Келесі бағыт – шағын және орта бизнеске ин­новацияларды дамыту үшін жағ­дай жасау. Президент тиісті ор­гандарға осы мәселені де жіті тап­сырды. Төртінші – «болашақ­тың инновацияларын» дамыту. Енді жоғары техно­ло­гиялардың дамуына Назарбаев Университеті мен Ақпараттық технологиялар паркі де атса­лыспақ. Кеше сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аталған міндеттердің барлығы заман талабы екенін, олар­ды іске асыруда білікті ин­женерлердің де маңызы ерекше екенін атап өтті. Енді үш айдың ішінде Үкімет «Индустриялық-инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдау» туралы заң жобасын дайындауы тиіс. Президент сондай-ақ өз ісінің май­тал­мандарына ұзақ мерзімді гранттар беруді қарастыру қа­жеттігін айтты. Жақында қолға алынған «100 инновация» секілді «100 жаңа дарын», яки «100 мықты ин­новатор» деген гранттар ой­ластырылса құба-құп. Елбасы табиғат байлығын пай­даланушыларды, ірі бизнес өкілдері мен ұлттық компания­лар­ды инновацияны қаржылан­ды­руға жұмылдыру керектігін талап етіп отыр. Тіпті, оларды заң­дық тұрғыдан жалпы пайда­сы­ның 1 пайызын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлуге міндеттеуге де болады. Үшіншіден, шағын және орта бизнесте иннова­ция­ның жаппай дамуына жағдай жасаған жөн. Бұл саладағы әлем­дік тәжірибе мұқият зерттелсін. Қазіргі таңда әлемдік иннова­ция­ның қайнар көзі – шикі­заттық емес саладағы транс­ұлттық ал­пауыт­тар. Әлемдегі заманауи патент атаулының және ғылыми-зерттеулерге жұмсала­тын бүкіл қаржының 80 пайызы осылардың еншісінде. Сондық­тан, оларды елге неғұрлым тарту керек. – Мен барлық кезде бізге дәл қазір инженерлік кадрлар даяр­лауға баса мән беру қажеттігін айтып келемін.  Бәрі юриспруденция, бизнес, экономиканы оқу­ға ден қояды. Біз бүгінгі таң­да жүргізіп жатқан Қазақстанды индустрияландыруда өткен жылы 152 кәсіпорынды іске қоссақ, биыл жаңадан іске қосылатын 190 кәсіпорынға да инженер мамандар қажет. Насихат та осы бағытта жүруі тиіс. Мемлекет қаражатынан білім алып жатқан адамдарды да сонда апару керек. Тіпті әлемнің ең үздік университеттерін тәмамда­ған болашақ­тық­тар да қажетке сай таңдап алынып отырған жоқ. Сонда біз оларды не үшін оқыттық? – деп сауал тастады Президент. Қысқарта айтқанда, ин­нова­цияның дамуы кез келген елдің болашағы үшін аса маңызды болып табылады.  Сондықтан қа­зіргі заман барлық елдерді инно­вациялық бәсекеге түсуге шақы­рады. Елбасының талап етіп отырғаны да осы. Инновациялық ізденістердің игілігін қарапайым халық өз тіршілігінен көргенде түсінсе, ел экономикасы да осы бағытпен тіктеле түспек.   Даму­шы, сонымен қатар, индустриял­ы дамыған мемлекеттер де даму мен инновацияны қолдаудың ұлт­тық бағдарламаларын іске қосуда. Елбасының тапсырмасы бой­ын­ша өткен жылы Үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму­дың 5 жылдық мемлекеттік бағ­дарламасы (ҮИИДБ)  іске аса бас­тады. Бағдарлама аясында 2015 жылға дейінгі иннова­ция­лық саясат бойынша ауқымды деңгейде өнеркәсіпті жаңғырту мен өзіндік технологияны дамытуға біртіндеп өту көзделген болатын.  Жақ­сы мақсат та – жарым ырыс. Осылайша Қазақстанда 2015 жылға қарай еңбек өнімділігі 1,5 есеге, 2020 жылға қарай 2010 жылғы деңгейден 5 есеге артпақ. Ал 2020 жылға қарай Назарбаев Университетінің негізінде өзіндік ғылыми мектептің өсіп шығуы үшін негіз қаланатын болады. 2015 жылға қарай Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингінде Қазақстан инновация көр­сет­кіші бойынша 101 орыннан 65 орынға көтерілетін болса, 2020 жылға қарай 50 орында болады деп күтілуде. Және 2015 жылға қа­рай инновациялық кәсіпорын­дар саны 10 пайызға, 2020 жылға қарай 20 пайызға жететіні көз­делген. Тізбектелген мұндай кеудесі мақсаттарға Елбасының кешегі талаптарын, қатаң ескертпелері мен ұсыныстарын толықтай жү­зе­ге асырғанда ғана қол жеткізуге болатынын ғылыми қауымдастық терең түсінеді. Қорыта келгенде, бұл форум Қазақстанның инновациялық өр­леудің нақты әрекеттер кезеңіне өтуге дайын екендігін аңғартып өткенін айтуға тиіспіз. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.