• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Жаңарып, жасару үстінде

511 рет
көрсетілді

Көш бастаған Айнабұлақ Айнабұлақ ауылдық округі­нің әкімі Дәулет Ыдырышевты кабинетінен емес, жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіт құ­рылысы маңы мен көше тазар­тып, ағаш көшетін отырғызып жатқан жұртшылық арасынан жолықтырдық. Аудан әкімі Серік Зайнулдин жол-жөнекей ауыл­дық округтердің бәрінде екі ай­лық сенбілік өтіп жатқанын, ар­найы штаб ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылып тұра­тыны туралы хабардар еткен. Сенбілік дегенге құлағымыз үй­ре­ніп алған, ал зайсан­дық­тард­ың жұмыла еңбек етіп жат­қандарын көргенде еріксіз риза болдық. – Төртінші сәуірден бастап аудан әкімі Серік Зайнулдиннің тапсырмасы бойынша тазалық айлығы жарияланды. Мақсат – Зайсан қаласын ғана емес, бүкіл ауылдар мен қыстақтарды таза­лығымен, әсем келбетімен көз тартар мекенге айналдыру. Таза­лық, абаттандыру, көгалдандыру өз жемісін бере бастады. Біздің ауылдық округ алғашқы айдың қорытындысы бойынша жеңім­паз атанды. Атап айтқанда, бү­гінге дейін 17 рет жексенбілік өткізіп, қора-қопсы, аула мен кө­ше тазаланды. Қоралардан 120 тонна қоқыс шығарылды, 400 түп шынар, үйеңкі ағашы, 100 топ алма ағашы, 100 түп жиде, барлығы 2020 түп ағаш көшеті отырғызылды. Мұның сыртында мектеп бітірушілерге арналған бір жарым гектар жер қорша­лып, 1500 түп әртүрлі ағаш отырғызуды қамтамасыз еттік. Көшелер көркейтіліп, «Жол кар­тасы» бойынша бөлінген үш миллион теңгеге екі көшеге жа­рық тартылып, көгалдандыру жүзеге асты, жақында ауылдың кіреберіс жеріне зәулім қақпа орнатылып, «Айнабұлақ ауылы­на қош келдіңіз» деген қанатты сөздер жазылды, – деп ауыл әкімі біраз жайлардан мағлұмат берді. Ауылдың іскер азаматы Өмірхан Құлжатов өз қар­жы­сына мешіт құрылысын бастап­ты. Іргетас жұмыстары аяқта­лып қалған. Аудан әкімі Серік Зайнулдин мешіт іргетасына өз қолымен цемент ерітіндісін құ­йып, ақшалай көмек жасай­ты­нын айтты. Айнабұлақтар көк­темгі егісті де мерзімінде аяқ­тап­ты. Бүгінге дейін 325 гектар­ға дәнді дақыл, 230 гектарға күн­бағыс, 154 гектарға картоп, 53 гек­тарға көкөніс, 16 гектарға бақ­ша дақылдары егіліп, бапталуда. Бұл жұмыста «Айнабұ­лақ», «Сапа» шаруа қожалық­тары­ның төр­ағалары С.Жақып­баев, Ө.Қабе­кен өзгелерден алда келуде. «Арсен» қожалығының жетекшісі М. Мусин, жыл сайын көкөніс өсі­руде тамаша жетістіктерге жетіп жүрген Б.Сү­лей­менов, Б.Дуанбаев деген азамат­тар биыл да биікке көтері­леміз деп отыр. Айнабұлақ ауылының орта­лық бағындағы ескі ағаштардың орнына жаңалары отырғызы­лу­да, көкмайса мен саналуан гүл­дер көздің жауын алады. Ағаш­тарды ағартып, тазартып жатқан бір топ ауыл ұстаздары мен әкімдіктің қызметкер­лері­мен жо­лыққанда, олар соңғы кез­­де ауылдардың бәрі құл­пы­рып келе жатқанын тілге тиек етті. «Қайнарда» қайнаған еңбек Бағытымыз – Қайнар ауылы. Ол «Айнабұлақ» ауылдық округіне қарайды. Октябрь атындағы мектептің директоры Дамир Ерзин бізді қарсы алған соң, тап-тұйнақтай жинақы мектеп аула­сын аралатты. Жеміс ағаштары енді гүлдей бастаған Алтайда көктемнің кеш келетіні белгілі. Оның үстіне биыл күн әлі жы­лы­май, әлсін-әлсін суық жел, боран соғып диқандарға кедергі келтіріп тұрған сыңайлы. – Қазір тоғыз жылдық орталау мектепте 57 бала оқып жатыр. Оларға 14 ұстаз білім береді. Биология пәнінің мұғалімі Гүлбақыт Бортықаева, қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің ұстаздары Гүлнәр Жалбағаева, Гүлмира Жазбаева және тағы басқалар шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Олардың қызметіне көпшілік дән риза. Енді мектепті жөндеуге қаржы бөлінетін болды. Аудан­ның елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстар бізде де қар­қын алған, оны өз көздеріңізбен көріңіздер, – деп мектеп дирек­торы Дамир Ерзин ауланы көр­сетіп шықты. Қарақат, шырша, көктерек, қайың ағаштары мен түрлі гүлдер көздің жауын алғандай. Бүгінге дейін қайнарлықтар 235 түп ағаш отырғызыпты. Иә, Қайнардағы  қым-қуыт тірлік, қайнаған қызу еңбек... Саржыра мектебіне – 80 жыл Ауданда 29 жалпы білім беретін мектеп бар, олардың 19-ы шағын жинақталған оқу ошағы. Мектебі жоқ мекендердегі бала­ларды біліммен қамту мақса­тын­да Зайсан қаласындағы интернатта 100, Шілікті ауылындағы мектеп-интернатта – 34 оқушы білім алса, Дайырдағы ескі мектеп ғимаратының күрделі жөндеуіне 45 миллион теңге бөлініп, іске қосылды, қазір онда 57 бала оқиды. Оның үстіне облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасы бо­йынша Сарытерек, Қаратал ауыл­дарында екі бала бақша ашылып­т­ы. Ал біз келген Саржыра орталау мектебі жанынан шағын орталық ашылып, биыл оған 13 бала қабылданған. «Балбөбек» шағын орталы­ғын­да сәбилерге үш рет ыстық тағам беріледі. Мектеп директоры Бейбіт Тұрабаевтың айтуынша, басқа да ата-аналар шағын орта­лыққа сәбилерін беруге ынталы көрінеді. Тәрбиеші Жазира Тілегенова оның көмекшісі Құралай Боқ­баева, медбике Айгүл Асаубаева, аспаздар Гүлжан Жұртбаева мен Айнұр Нығметжанова өз істерін іскерлікпен атқарады. Бұл орта­лықта тәрбие алып жатқан балалар әліппені үйреніп қана қоймай, дүниетанымдарын да арттырады. Саржыра ауылы сонау нарық­тың өтпелі шағында қатты күй­зеліске ұшыраған. Жұмыс болма­ған соң талай адам басқа жаққа қоныс аударды. Мал басы азайып, мектеп жасындағы балалардың саны 11-ге дейін азайған. Сол кезде мектепті сақтап қалған аза­маттарға мың алғыс, дейді сар­жыралықтар. Осы мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен Гүлтай Тұрғанбаева, Бейбітгүл Қомша­баева сияқты ардагер мұғалім­дер арлы-берлі шапқылап, білім ұясын сақтап қалған. Көшіп кет­кендердің орнына көрші Қытай­дан қандастарымыз келіп қоныс­танды. Еңбекпен есейген отан­дастарымыз қазір мал бағып, егін егуде, балаларын осы мектепте оқытып жатыр. Қазір оқу­шылардың саны елуге жетіпті. – Келер жылы Саржыра мектебіне 80 жыл толады. Осынау мерейтой қарсаңында алтын ұя­мызды көркейтіп, сәніне келтіру, ескі ағаштардың орнына жаңа­ларын отырғызып жатыр­мыз. Мы­нау Тәуелсіздік бағы, оған 200 түп көшет отырғыздық. Ал бота­никалық бақта 500 түп үйеңкі, долана, үшқат, көк бояу, қайың бар, – дейді мектеп ди­ректоры. Бейбітгүл Қомшабаева, Бауыр­жан Боқбаев, Гүлтай Тұрғанбаева, Әсем Бекешева, Гүлнәр Тұра­баева, Гауһар Батталова, Толқын Райбаева, Ғалия Еңсебаева, Ләз­зат Жұмаханова Саржыра мек­тебінің өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан үлгілі ұстаздар. Зайсан – көрікті қала Зайсанды облыстағы ең кө­рікті қалаға айналдыру жергілікті тұрғындардың мақсатына ай­налған. Оған көз жеткіздік. Зайсан әуежайына жетелейтін күре-жолдың екі жағына ұзындығы бір шақырымдай жеріне ағаш отырғызылып, гүлдер шыға бас­таған. Ол тамшылатып суарыла­ды. Қазір аптасына екі рет об­лыс орталығына «Ан-24» ұшағы қатынайды, бағасы – 5 мың 500 теңге. Қалғанын облыстық бюджет көтереді. Қала ішінде көше­аралық автобустар қатынап тұрады. Мұнай, газ салалары бойынша жақын арада үлкен кешендер іске қосылған кезде аудан тіпті көркейе түспек. Зайсанда спорт кешені мен прокуратура мекемесінің құрылысы салынып жатыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған монумент алыстан көз тартады. Аудан орталығын абаттандыруға 25 миллион теңге бөлініп, Жангелдин көшесінің бойында гүл­зарлар, шыршалар отырғызыл­ды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы гүлбақ салынып, ор­талық алаңда «Бәйтерек» монументі бой көтермек. Аудандық «Достық» газетінің ғимаратын жаңартуға 10,8 миллион теңге қаржы бөлінген. Зайсандағы су жүйесін күрделі жөндеуге 252 миллион теңге аударылыпты. Ауыл­дар да су жүйесімен біртіндеп қамтылмақ. Жаңарған, жа­сар­ған Зайсанның бүгінгі ты­нысы міне,  осындай. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.