• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2011

Ұйымдастыра білгеннің ұтары көп

397 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қуаңшы­лы­ғын ұмыта қоймаған солтүс­тік­қазақстандық диқандар  көк­тем­гі дала жұмыстарына білек сыбана кірісіп, ылғал сақтауға ерекше мән берді. Оның үстіне  астық көлемі біршама ұлғай­ты­лып, 4 миллион 532 мың гек­тарға жеткізіліп отыр. 1,5 миллион гектар сүдігердің жыр­ты­луы, 2 миллион гектар жерге қар тоқтатылуы, арамшөптерді жою мақсатымен 436 мың гектар алқапқа бірнеше ізді өңдеу жүргізілуі – мұның бәрі 3,3 миллион гектар егістікке ылғал сақтау технологиясын қол­дану­ға мүмкіндік беретін болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары берген мәліметтерге қарағанда, қа­жетті 546 мың тонна тұқым себу кондициясына жеткізілген. Жа­нар-жағармайдың 70 пайыздан астамы әкелінген. Бүгінде картоп отырғызу аяқталып, майлы да­қыл­дар себу бел ортадан ауған. Дәнді дақылдар тұқымын сіңіру де қарқынды жүргізілуде. Есіл, М.Жұмабаев, Қызылжар аудан­да­ры жарыс көшін бастап келеді. Ауыл шаруашылығы министрі  Асылжан  Мамытбековтің Қызылжар өңіріндегі алғашқы жұ­мыс сапары жауапты науқан­ның қызған сәтімен тұспа-тұс келді. Ол алдымен шалғайдағы Ғ.Мүсірепов ауданына атбасын тіреп,  көктемгі егіс жұмыс­тары­ның атқарылу барысымен танысты. Агроқұрылым жетекшілерімен кездесіп, ауыл ша­руашылығына қатысты мәсе­ле­лер бойынша пікірлер алысты. Ғ.Мүсірепов – аймақтағы ең ірі астықты аудан саналады. Егістік алқап 733 мың гектарды құраса, солардың 40 пайызына дән сіңірілген. Ылғал сақтау технологияларының 80 пайызы  осы заманғы техникалармен ат­қарылады. Министр «Вест» ЖШС-нің егіс танаптарын аралап, сапа мәселесіне баса назар аударды. Шаруашылық дирек­то­ры Самат  Тасмағанбетов 20 мың гектар алқапқа астық өсі­рілетінін, 9 себу кешені мен 8 «К-700» тракторы жұмыс істеп жатқанын, биыл ылғалдың  мол­дығын әңгімелеп берді. Былтырғы қуаңшылықтың қатты әсер еткенін жасырған жоқ. Ел Тәуелсіздігінің мерейлі тойы қар­саңында Отанымызды мол ас­тық­пен қуантуға бел байлап отыр­мыз. Қазіргі жағдайға қара­ғанда сенім мол, деді С.Тас­ма­ғанбетов. А.Мамытбеков «Нежинка-Ерке» серік­тес­тігінің қырманында болып, тұқым дәрілеу барысымен та­ныс­ты.  Диқандардың жанар-жаға­р­майға байланысты қойған сауал­дарына жауап бере келіп, 354 мың тонна дизель отыны  белгіленген бағамен берілгенін, алайда  бірқатар тауар өндіруші­лер ай­налым қаржы жоқтығынан  кестеден қалып қойғанын, қазір жағдайдың реттелгенін, Сол­түс­тік Қазақстан облысына  3 миллиард теңге қаржы босатыл­ға­нын, минералды тыңайтқыштар бой­ынша да  проблема болмай­ты­нын жеткізді. Облыс әкімі Серік Біләлов  көктемгі  егіс нау­қанын өткізуге Үкімет тарапынан барлық мүмкіндіктің жасалып отырғанын, Азық-түлік келісім-шарт корпо­рациясы арқылы 4  мил­лиард теңге бөлінгенін, ал тұ­ты­нушылар кооперативтері ар­қы­лы 2 миллиард теңге қарас­ты­рылғанын жиналған­дар назарына салды. Министр А.Мамытбеков  Новоишим  ауылдық округінде ор­на­лас­қан «Әлішер» фермерлік ша­руашылығында, Қызылжар ауда­нындағы «Зенченко и К» командиттік серіктестігінде болды. БАҚ өкілдеріне берген сұхба­тында  теріскей өңірлерде көктемгі егіс жұмыстарының  ұйымшылдықпен атқарылып жатқанын атап көрсетті. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.