• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2011

Азияның алдымыз

316 рет
көрсетілді

Ташкентте күрес түрлері бойынша бірнеше күн бойы өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Өзбекстанның астанасында жалауы желбіреген жарысқа әлемнің 22 елінен балуандар жиналып, бақ сынасты. Бұл бәсекеде алғашқы болып боз кілемге еркін күрес шеберлері шықты. Алтай Тана­бековтің шәкірттері 1 алтын, 1 күміс және 1 қо­ла медальді жеңіп алды. 60 кг. салмақта Мәулен Мамыровтың жолын қуған Дәурен Жұмағазиев Азия чемпионы атанды. Ал оның әріптесі Қанат Бердыев (84 кг.) шешуші тұста сыр беріп, күміс жүлдеге ие болса, 96 кг. салмақтағы Дәулет Шабанбай қола жүлдені қанағат тұтты. Одан кейін Саржан Жақ­сы­беков баптаған Қазақстанның әйелдер құра­масы 1 алтын, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Был­тыр Үндістанда өткен Азия чем­пио­натында мерейі үстем болған Гузель Манюрова (72 кг.) бас жүлдені жеңіп алды. Ал 55 кг. салмақтағы Айым Әбілдина мен 67 кг. сал­мақтағы Татьяна Захарова үшінші орыннан көрінді. Азия чемпионатының соңғы күні Мұратбек Қасымхановтың шәкірттері грек-рим күресі­нен белдесті. Мұнда өткен жылы әлем чем­пио­натының қола жүлдегері Алмас Кебісбаев Азия чемпионы атанды. Ал 66 кг. және 74 кг. сал­мақтағы Бейбіт Нұғыманов пен Асхат Діл­мұхаммедов қола жүлдені иеленді.