• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2011

Патриоттық әндер байқауы

1195 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мен облыстық мәде­ниет басқармасы бірлесе ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанымды әнге қосамын!» атты патриоттық әндер байқауы жоғары деңгейде өтті. Жас ұрпақтың санасына ғасырлар бойы армандап,  қол жеткізген тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін өнер тілімен жеткізуді мақсат еткен игі шара есте қаларлықтай болумен қатар, осы тақырыпқа арнап жазылған біраз әсем әндерді өмірге әкелді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сазгер-дирижер Р.Мадреевтің айтуынша, бұл байқаудың нәтижесінде әншілер шеберліктерін шыңдап, жергілікті сазгерлер қатары да көбейе түскен. Музыканы әрлеп, нәрлеп жеткізуде де жетістіктер байқалыпты. Соның бір дәлеліндей, сазгерлер номинациясы бойынша ел ара­сынан келген Б. Нәдіров бірінші, С. Нұрғожаев екінші орынды иемденіпті. Тағы  бір қуанышты жайт, сазгерлер арасынан жүлдегер атанғандар қатарына Т.Үсенова, А.Әбдіразақова, М.Балжанова сияқты қыз-келіншектер қосылған. Вокал номинациясы бойынша бас жүлдеге Б.Ретбаев, бірінші-екінші орындар Ә.Бөлекбаев пен Т.Жақыпов, А.Берікке бұйырыпты. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған өнер байқауына қатыс­қан­дардың бәрі де арнайы сыйлықтарға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.