Әріптесіміз Сейфолла Шайынғазының негізгі мамандығы журналист болғанымен, ара-арасында өлең жазатын аздаған ақындығы да бар. 2000 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан оның «Жолайрық» атты өлеңдер кітабы жарық көрген болатын. Таяуда Сейфолланың «Көңіл көкжиегі» деп аталатын екінші жыр жинағы да «Астана полиграфия» баспасынан басылып шықты. Кітапқа автордың әр жылдары жазған өлеңдері енген.