• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2011

Елшімен екіжақты әңгіме

478 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қай­рат Мәми Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ю.Хараданы қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Жа­пония­ның екіжақты, оның ішінде парламенттік ынты­мақ­тас­тық желісі бойынша қарым-қатынасын одан әрі дамыту мәсе­лелері талқыланды. – «Қазақстан Жапонияны Азия­дағы негізгі әріп­тес­терінің бірі ретінде қарастырады», – деді Төраға және екі ел парламенттері арасындағы байланыстарды ны­ғайтудың маңызын атап өтті. Сенатта Жапония Парла­менті­нің Кеңесшілер па­ла­тасымен ынтымақ­тас­тық жөніндегі топ қыз­мет етуде, Қазақстанмен екі­жақты қатынас­тар­ды дамытуға Жапония Парла­менті­нің достық лигасы қомақты үлес қосып келеді. – «Біз заң шығару ісіндегі ке­ңе­су­лер мен тәжірибе алмасуға мүд­де­лі­міз», – деді Төраға және ол инвес­ти­циялық және тех­но­ло­гиялық ын­ты­мақтастықты одан әрі тереңдетуге барлық жағдай жасалғанын айтты. Биылғы жылдың 20-21 мау­сы­мын­да Астанада Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері съезі­ Хат­шы­лығының 10-шы отырысы өтетінін атап өте келіп, Қ.Мәми дін­ба­сы­лар конгресін шақыру жөніндегі Қазақ­стан бас­тамасын қолдағаны үшін жапон жағына ризашылық білдірді. Төраға, сондай-ақ алдағы форум жұмысына Жапония діни қауымдастығының өкілдері қаты­са­тынына сенім білдірді.