• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2011

Бангладеш елшісімен кездесті

314 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Бангладеш Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммад Имранмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. М.Көпеев М.Имранды елші лауазымына тағайындалуымен құт­тықтады және оған еліміздегі дипломатиялық қызметін табыс­ты атқаруына тілектестігін білдірді. «Қазақстан Бангладешпен тең құқықты әріптестіктің барлық бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі үн­қа­тысуды дамытуға әзір», – деді Төраға орынбасары.  М.Көпеев атап өткендей, «біздің еліміз Азия мемлекеттерімен достық бай­ла­ныс­тарды нығайтуға және өзара жан-жақты іс-қимылға зор мән береді». Кездесу барысында халық­аралық ұйымдар аясындағы ын­ты­мақтастықты дамыту мәселе­лері талқыланды. М.Көпеев Банг­­ладештің Ислам Конференциясы Ұйымына белсенді түрде қаты­сып келе жатқанын жоғары баға­лады және ИКҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңе­сінің 38-отырысын биылғы 28-30 маусымда Астанада өткізу туралы қазақстандық бастаманы қолда­ғаны үшін Бангладеш бас­шылы­ғына ризашылығын білдірді. Төраға орынбасары, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес қызметін дамытуға Бангладеш жағының қатысқанын атап өтті. Бангладештің бұл форумда бай­қаушы мәртебесі бар. Кездесу ба­рысында тараптар сауда-эконо­микалық байла­ныс­тарды дамыту жайында айтты және екі елдің рыноктарын, өзара тиімді ынты­мақ­тас­ты­ғы­ның келешегі зор ба­ғыттарын зерделеу қажеттігін атап өтті.  М.Имранның айтуынша, Қа­зақстанда да, Бангладеште де саяси және экономикалық бай­ла­ныс­тарды дамытуға зор мүмкіндіктер бар. Екіжақты қатынастарды ны­ғайтудағы парламенттердің рөл­дерін атап өте келіп, дипломат ынтымақтастықтың парламенттік топтарын құруды жақтайтынын білдірді.