• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2011

Беларусь президенті дәріс оқыды

392 рет
көрсетілді

Кеше Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Беларусь Президенті Александр Лукашенко арнайы атбасын бұрып, аталған жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесіп, жиналған қауым алында дәріс оқыды. Кездесуді ашқан университет ректоры Бақытжан Әбдірайым алдымен Беларусь Президенті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры Александр Лукашен­ко­ға негізі қаланғанына 15 жыл толатын Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орнына арнайы келгені үшін алғысын жеткізді. «Сіз­дің оқу орнымызға арнайы кел­геніңіз – біз үшін айрықша құр­мет. Осы орайда сізді жақында өткен сайлаудағы жеңісіңізбен құттық­тай­мыз. Бұл халықтың өзі­ңізге деген сенімінің белгісі, сондай-ақ еліңізді ілгері жыл­жы­ту бағы­тында атқарып жатқан қыз­­метіңіздің дұрыстығының дә­лелі деп ойлаймыз», – деді ректор өз сөзінде. Осылай дей келе, Б.Әбді­ра­й­ым Беларусь мемлекетінің даму жолына, өзге елдермен, оның ішінде Қазақстанмен арадағы дип­ломатиялық байланысының жыл өткен сайын жанданып келе жатқанына тоқталып өтті. «Бү­гінде гуманитарлық бағыттағы ын­тымақтастығымыз да жоғары дең­гейде дамып келеді. Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті Беларусь мемлеке­ті­нің көптеген жоғары оқу орын­дарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен, Ғылым академия­сы­мен жақсы әріптестік қарым-қа­ты­нас орнатқан. Бұл екі ел пре­зиденттерінің жүргізіп отырған саясатының жемісі», – деді Б.Әб­дірайым бұл турасында. Бұдан кейінгі кезекте ол жо­ға­ры оқу орнына келген құрметті қонақ, Беларусь Президенті Алек­сандр Лукашенкоға сөз берді. «Құрметті достар, сіздермен бірге осынау білім ордасында кез­десіп отырғаныма қуаныш­ты­мын. Бұл мен үшін де үлкен құрмет», – деп сөзін бастаған ол өзінің дарқан мінезді қазақ жеріне дос пейілді Беларусь елінен келіп отырғанын айтып, про­фес­сор­лық-оқытушылар құрамы мен студенттерді жоғары оқу орны­ның 15 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Осы бір аз ғана жыл­дар ішінде сіздердің универ­си­теттеріңіз шын мәнісінде Қа­зақстанның беделді ғылым мен білім ордасына айналып үлгерді. Бүгінде бұл оқу орны елге қажетті кәсіби мамандарды даярлау мен Қазақстанның ғылыми әлеуетін көтеруге айрықша үлес қосып келеді», – деді Беларусь Пре­зиденті. Сондай-ақ, ол елор­дадағы жетекші университет пен Беларусь мемлекетіндегі жоғары оқу орындары арасында жоғары деңгейде әріптестік қарым-қа­ты­нас орнату бағытында үлкен бастамалар көтерілгенін, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты көз­дейтін қазақстандық-бела­русь­тік орталықтың да ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын тілге тиек етті. «Бұлардың бар­лығы екі ел әріптестігінің тек эко­но­ми­ка­лық тұрғыда ғана емес, гума­нитарлық бағытта да өріс­тегенін байқатады», – деді А. Лукашенко. Университет қабырғасында өт­кен дәріс барысында А. Лукашенко сондай-ақ Беларусь елінің тарихына, жүріп өткен жолына, түрлі кезеңдерде бағындырған асу-белестеріне көз жүгіртіп, ел­дің қазіргі даму қарқынына, қос мемлекет арасындағы ынты­мақ­тастық ауанына қатысты да өз ой-пайымын жеткізді. Сол ар­қы­лы, ол жиналғандарға, әсіресе, сту­денттерге Беларусьтің өзгеге ұқсамайтын ерекшелігі мен ар­тықшылығы жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Оның ішінде Қа­зақ­стан мен Беларусьтің гумани­тар­лық, білім-ғылым саласын­да­ғы байланысын жандандыру үшін оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуларға айрықша мән берілу қажеттігін де атап өтті. Әр мемлекет маманды бірінші кезекте, өзі үшін дайындайды. Өз еліне лайықты білім жүйесін дамытады. Сол үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Ал әр жас кәсіби маман болу жолында талмай еңбектенуі, ізденуі керек. Сондықтан ең алдымен, қоғамға қажетті маман болыңыздар дегім келеді», – деді сөзінің қорытын­дысында А. Лукашенко. Бұдан кейін студенттер құр­мет­ті қонаққа өздерін қызықтыр­ған бірқатар сауалдарын қойды. Кездесу соңында университет ректоры Б.Әбдірайым жоғары оқу орнына келіп, оқытушылар мен студенттер алдында дәріс оқығаны үшін жоғары оқу орны атынан Александр Лукашенкоға тағы да алғысын жеткізіп, оған «Еуразия мақтанышы» естелік медалін табыс етті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.