• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2011

Тәуелсіздік тойына тартулар

452 рет
көрсетілді

Еліміздің қай өңірін алып қа­расаңыз да, қандай салада бол­ма­сын өзін­дік бір ерекшелікте­рімен бы­лайғы жұртты тамсан­дырып жа­та­ды. Әрине, бұл ретте оқу білім, мәдениет пен өнердің, әде­биет­тің орнын бөле жара айтудың ар­тық­тығы болмас. Ежелден сөз қадірін түсініп, білімге бас иген халқы­мыз кейінгі буынға өз тәжі­ри­бе­лері мен бойын­дағы барын сарқа бөлісуден бір сәтке де танған емес. Бұл орайда Ұлттық академиялық кі­тапхана­дағы шы­ғыс­қазақстандық ақын-жазушы­лар мен өнер ие­лері­нің Астана жас­тарымен өт­кізген шы­ғар­ма­шылық кездесуі кейінгі буын­ға тың серпін бергендей. Атал­ған бас­қосуды Шығыс Қазақ­стан об­лысы әкімдігі мен мәде­ниет бас­қармасы ұйымдас­тырған. Кездесуге есімдері елге таны­мал Қабдеш Жұмаділов, Шәрбану Бейсенова, Әлібек Асқаров, Тұр­сын Жұртбай, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Тыныштықбек Әбдікәкімов сынды қаламгерлер мен ақындар, сонымен қатар Гүл­мира Сарина, Секен Тұрысбеков секілді өнер иелері қатысып, жас толқынмен емен-жарқын әңгіме өрбітті. Басқосуды белгілі журналист Серік Жанболат жүргізіп отырды. Шығармашылық кездесуде «Шы­­ғыс жұлдыздары» кітабы­ның тұсауы кесіліп, жинақ жоға­рыда аттары аталған меймандарға сыйға тартылды. Еліміздің шы­райлы Шығыс өңірі тума таланттар мен дарындарға кенде емес. Олардың есімдері ел тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдығына арналып шық­қан осы кітапқа еніп отыр. Бұл басылымда Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды даналармен қатар, қазіргі қаламгерлер де бар. Жи­нақты шығаруды ұсынып, жобаға жетекшілік еткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болса, ал оны басып шығарған елордадағы «Фолиант» баспасы. Кездесу соңында аймақ бас­шысы жас журналистердің ара­сында өткен «Топжарған» респуб­ликалық байқауының қоры­тын­дысын жариялап, жеңімпаздарды марапаттады. Осы ынталандыру шарасын алғаш болып қолға алған Шығыс Қазақстан облы­сының әкімдігі бұл бастаманы келешекте де жал­ғастыруға ниетті. Облыс әкімі Бердібек Сапар­баевтың «Назарбаев Университетінде» елордада білім алып жүр­ген шығысқазақстандық студенттермен кездесуі де жастардың жігерлерін жани түсті. Бүгінде бұл ай­мақ келешегінен үміт күттірер жастардың білімге құштарлығын арттырып, ынталандырып отыру­ды дәстүрге айналдырған. Соңғы төрт жылда 864 студент облыс әкімінің грантына ие болса, оның 200-і биылғы оқу жылындағы қыз-жігіттер. Осы уақытқа дейін грантты тек медициналық және педагогикалық мамандықта оқи­тын студенттер алып келсе, 2010 жылдан бері техникалық маман­дыққа да назар аударылған. Со­ны­мен қатар, мұнан бөлек қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 8 жас өрендеріне арнайы грант тағайындалған. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы мен «Назарбаев Университеті» АҚ арасында ор­тақ меморандумға қол қо­йы­лып, жиылған жұртқа «Назар­баев Зияткерлік мектебі» және «Шы­ғыс Қазақстан өңіріндегі білім беру жүйесінің қазіргі жағ­да­йы мен дамуы» атты көрме өтті. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.