• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 443

382 рет
көрсетілді

2011 жылғы 25 сәуір              № 443          Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі; 2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 25 сәуірдегі  № 443 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі 1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы. 2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшы­сының орынбасары. 3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесі. 1) қарап тексеру бөлімшесінің бастығы; 2) қарап тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары; 3) қарап тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы; 4) қарап тексеру бөлімшесінің инспекторы; 5) техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор. 4. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіп­сіздік бөлімшесі: 1) қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы; 2) қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орын­басары; 3) қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы; 4) қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы; 5) қызметтік иттердің инспектор-вожатыйы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі); 6) бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы. 5. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсат­тама бюросы: 1) рұқсаттама бюросының бастығы; 2) рұқсаттама бюросының инспекторы. 6. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкім­шілік бөлімшесі: 1) әкімшілік бөлімшесінің бастығы; 2) әкімшілік бөлімшесінің инспекторы. 7. Оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші. 8. Сапаны бақылау аудиторы. 9. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2011 жылғы 25 сәуірдегі № 443 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім. Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын тұлғаларды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиация­лық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақ­стан Республикасы Президентінің Күзет қызме­тінің келісімі бойынша тағайындалады. 3) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 4) жасы кемінде 25 жаста; 5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде 5 жыл қызмет өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе авиа­циялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жо­ғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасы­малдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйым­дастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 6) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курсын бітіргені туралы сертификат; 7) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшы­сының орынбасарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 3) жасы кемінде 25-жаста; 4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде 5 жыл қызмет өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе авиа­ция­лық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасы­малдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйым­дастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі («Білім тура­лы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәй­кес құжат түрінде расталады); 5) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік қыз­метінің басшысы курсын бітіргені туралы сертификат; 6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесі бастығының орынбасарына, авиациялық қауіп­сіз­дік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің бас­тығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіп­сіздік бөлімшесі бастығының орынба­са­рына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкім­шілік бөлімшесінің бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсаттама бюросының бастығына, авиациялық қауіпсіздік қызметінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құрал­дары жөніндегі инспекторына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары (техникалық, заң) немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) авиация персоналы ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 1 жыл жұ­мыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азамат­тық авиацияның жоғары оқу орындарын «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіп­сіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойын­ша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 4) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойын­ша курсты бітіргені туралы сертификат; 5) заңда белгіленген тәртіппень өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 4. Қызметтік иттердің инспектор-вожатыйына (патрульдік-іздеу итінің жетекшісіне) қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім; 3) кинолог курстарында оқығандығын растайтын құжат; 4) жасы кемінде 20 жаста; 5) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойын­ша курсты бітіргені туралы сертификат; 6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 5. Қарап тексеру бөлімшесінің ауысым басты­ғына, қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым басты­ғына, қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы­на, қарап тексеру бөлімшесінің инспекторы мен қауіпсіздік бөлімшесі инспекторына, бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторына, рұқсаттама бюросының инспекторына, әкімшілік бөлімшесінің инспекторына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) жасы кемінде 20 жаста; 4) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат; 5) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 6. Оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушіге, сапаны бақылау аудиторына қойылатын талаптар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39 бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі; 4) жасы кемінде 25 жаста; 5) ИКАО оқу орталықтары беретін авиация­лық қауіпсіздік бойынша курсты бітіргені туралы сертификат; 6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 7. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғаға қойылатын талаптар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім; 3) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);        4) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиациясының жоғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіп­сіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде 1 жыл жұмыс өтілі («Білім тура­лы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Рес­публикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 5) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін авиациялық қауіпсіздік бойын­ша курсты бітіргені туралы сертификат; 6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы. 8. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшы­ларын, азаматтық авиация ұйымының авиация­лық қауіпсіздігі бойынша жауапты адамдарды тағайындау үшін жұмыс өтілін және бұрын ұйымдарда (министрліктер мен ведомстволарда) атқарған қызметтерін көрсете отырып, ұсыным­ды ресімдейді және ұлттық қауіпсіздік органда­рына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне келісуге жібереді. Мынадай құжаттар талап етіледі: 1) ұсыным; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орны беретін сертификаттың көшірмесі («Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздігікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарының түлектері үшін дипломды алған күннен бастап үш жыл ішінде сертификатты ұсыну талап етілмейді); 4) оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) көшірмесі; 5) жұмыс өтілін растайтын құжат; 6) 4 х 5 см өлшемдегі 3 фотосурет (бас киімсіз).