• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2011

Жаңа...

294 рет
көрсетілді

...ҮЙДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: АСТАНА КӨШЕСІ, №1 Өндірісті қала Ақсуда бос қалған жатақхана іске жарап, со­ның негізінде тағы бір тұрғын үй бой көтерді. Бұл қуанышты рә­сім­ге облыс әкімі Бақытжан Са­ғы­нтаев пен осы үйді тұрғызуға ат­салысқан «ENRC» PLC ком­па­ния­сы басшылары қатысып, осы жердегі «Еуразиялық энергетика­лық корпорациясы» АҚ қызмет­кер­лері мен жұмысшыларына 70 пәтердің кілттерін тапсырды. Әсіресе, өндіріске жаңа келген жастар қуанышты. Пәтерлер несие арқылы 15 жылға 1 пайыз­дық үстемемен беріліп отыр. Үй ау­ласы кең, көгалдандыру жұ­мыс­тары ерте бастан қолға алын­ған. «ENRC» PLC бас атқарушы ди­ректоры Феликс Вулис біз үшін әлеуметтік мәселелердің ше­шілуі басты мәселе, ол сенімділік пен тұрақтылықтың кепілі, дейді. Жалпы, соңғы алты жылда корпорация тұрғын үй бағ­дар­ла­ма­сын жүзеге асыру үшін 1,7 мил­лиард теңге жұмсап, 500-ге жуық пәтер иелері қоныс тойын тойлапты. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы. * * * ...БАЛАБАҚШАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Қызылорда қаласының «Саяхат» шағын ауданында жаңа ба­ла­бақшаның іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Болатбек Қуандықов қатысты. 280 орын­дық балабақшаның құрылысын «ТехсервисҚызылорда» ЖШС қо­лына алған. Аталған серік­тес­тіктің директоры Марат Жаббарбергенов аймақ басшысын ны­сан­ның құрылысымен және тех­никалық сипаттамасымен таныс­тыр­ды. Шара соңында құрылыс нысанымен танысып болған облыс әкімі жаңа балабақшаның алғашқы іргетасын, яки алғашқы кірпішін қалап, құрылысшылар­дың жұмысына сәттілік тіледі. Биыл жыл басынан бері об­лыс шеңберінде 4 балабақша пай­далануға берілді.Жыл соңына дейін қалада тағы осындай 3 бала­бақша балғындардың игілігіне табысталады деп күтілуде. Бала­бақшалар тек қаламызда ғана емес, аудандар мен елді мекендерде де салынуда. Ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында облысымызда биыл тағы 10 балабақша ірге көтермек. Қызылорда. * * * ...БАНК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ Ақтөбе қаласында Ресейдің «ВТБ» банкінің филиалы өзінің тұсаукесерін өткізді. Көршілес ел­дің қаржы құрылымының Қа­зақ­стан рыногында өз қызметін бастағанына екі жыл. Банк фи­лиалы Әбілқайыр хан даңғылы бой­ындағы «Халық банкі» фи­лиалының бұрынғы ғимаратында орналасқан. Ресейдегі ең ірі банктердің бірі – «ВТБ» банкі қазір әлемнің жиырма  елінде жұмыс істейді. Бү­гінгі таңда банк  еліміздің  бес қаласында өз филиалдарын аш­қан. Ол тұрғындарға кепілсіз несие беру, салым салу, шағын бизнесті дамытуға қаржы бөлу қызметтерін ұсынады. «ВТБ» АҚ еншілес ұйымының басқарма төр­ағасы Сергей Гусаровтың мә­лім­деуінше, банк қала тұрғын­да­рына тиімді қызметтер ұсынып, бизнестің барлық бағыттары бой­ынша  белсенді жұмыс істейтін болады. Бұл – облыс аумағында өзі­нің қаржы қызметін ұсынып отырған Ресейдің екінші банкі. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.