Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Назарбаев Университеті» АҚ-тың Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.
Отырыс барысында қаржы-шаруашылық қызметінің, стратегиялық әріптестермен қарым-қатынастардың, басқару жүйесінің, сондай-ақ жоо-ның әлеуметтік саясатының кейбір мәселелері қаралды.
Осы күні К.Мәсімов 1-ші Қазақстандық І-MIX 2011 интернет-конференция жұмысына қатысты.
Онда бизнес пен мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру үшін Казнетті және жоғары технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.
«Егемен-ақпарат».