Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Темірболатов Иран Ислам Республикасы Меджлисінің депутаты Ходжат-әл Ислам Сейед Реза Акрамимен жүздесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Тараптар кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы байланысты өрістету жайы сөз болды.
Кездесуде ауған мәселесі қозғалды. С.Темірболатов бұл мәселені ауған халқының мүддесі тұрғысынан шешу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, сұхбаттасушылар экстремизмге, терроризмге және есірткіге қарсы күреске баса назар аудару қажеттігін атап көрсетті.